Қазақстан өңірлерінен Этика жөніндегі құзыретті тұлғалар Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі доктор Салтанат Жаненова және доктор Рикардо Пелиццоның «Мемлекеттік қызметте этика мен адалдықты ілгері жылжыту: халықаралық практика және қазақстандық тәжірибесі» атты семинарды өткізді. Ол министрліктер мен облыс әкімдіктерінің этика жөніндегі құзыретті тұлғаларына арналды.
Бір күндік семинар екі бағытты қарастырды: халықаралық тәжірибе, сондай-ақ қиындықтар мен перспективалар. Дәрістер жіне қатысушылардың топтық талқылаудан кейінгі презентациялары мемлекеттік қызметкерелредің этикасы жайлы ағымдағы мәселелерді шешу бойынша идеялар мен ұсынымдарды алмасуға түрткі болды.
«Этика жөніндегі құзыретті тұлға» ұғымы Қазақстанда жақында енгізілді. Қатысушылар арашашы болып, ұйымда пайда болатын мәселелерді шешуде теориляқы білімнің жетіспейтіндігін атап өтті. Жоғары мемлекеттік саясат мектебі іс-шара бойынша оң көзқарас алды. Этика кодексі мен мемлекеттік қызметтегі этикалық мінез-құлықты жылжытуда ынтымақтастық ұсынымдары да айтылды.