ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ

Қатысу құқына мына кандидаттар ие:

  1. Бакалавр дәрежесі немесе соған сәйкес дәрежесі бар;
  2. 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар. Үміткерлердің мансабында орта және доғары деңгейдегі басшылық лауазымындағы жұмыс болуы қажет.
  3. Ағылшын тілін білу: Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа); Ағылшын тілі бойынша сертификаттар өтініш мерзімі аяқталғанға дейін 2 жыл ішінде жарамды. Қабылдау комиссиясы қалауы бойынша, үміткерлер мынадай жағдайларда тіл бойынша тесттен босатылуы мүмкін:
    – Алдыңғы академиялық дәрежелердің бірі ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, тәрбие, оқу және академиялық күнделікті өмірдің тілі болып табылатын елде берілген;
    – Бакалавр дәрежесі ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама шеңберінде берілді;
    – Өтініш беруші Назарбаев университетінің түлегі болып табылады.

Іріктеу критериі:

Кандидат өзінің зияткерлік деңгейін көрсетуі керек (бұрынғы академиялық жетістіктері бағаланады, эссе) және басшылық мүмкіндіктері (мектептен кейінгі, азаматтық және қоғамдық жұмыстағы жетістіктері, қызмет ету тарихы және ұсыныстар қарастырылады).
Назар аударыңдар, минималды талаптар автоматты қабылдауды білдірмейді.

Өтініш беру үрдісі

oppp

1 қадам. Онлайн өтініш

Алдымен өтінішті бермес бұрын төмендегі нұсқауларды орындау үшін барлығын оқып шығуға өзіңіздің 10 минут уақытыңызды бөліңіз.

Өтінішті беру үрдісі Назарбаев Университеті қабылдау комиссиясының онлайн порталы арқылы жүргізіледі. Барлық қажет құжаттар онлайн порталы арқылы берілуі керек: бірде бір өтініш электрондық пошта арқылы қабылданбайды.
Интернет арқылы өтінішті білдіру үшін Сізге электронды поштаңыздың адресін пайдаланып қолданушының есептеу жазбаларын жасау ұсынылады. Осы адресті Сіз барлық сауалдарды орындау үшін қолдануыңыз керек. Іріктеу кезіндегі барлық хат алмасу электрондық пошта арқылы жүргізіледі.

Есептеу жазбасын бабына келтіру үшін «Тіркелу» батырмасын басу керек (1-сурет).

qwe

Назарбаев Университетінде өзіңіздің аккаунтыңызды іске қосқаннан кейін «Менің өтініштерім» мәзіріне көшіңіз және өзіңіздің таңдаған келген бағдарламаңызды (Мемлекеттік саясат магистрі немесе Мемлекеттік басқару магистр) таңдаңыз. Сары түспен боялған өрістер міндетті түрде толтырылады.

Енді өтініш нысанын жүктеп, ашып, толтыра аласыз (2-сурет).

rggggg

Кандидаттарға өзінің ұсыныс хаттарын қарауға рұқсат етілмейді. Олар қатаң құпия болады және оларды Сіздің кандидатураңызды бағалауға жауапты адам оқи алады.

Сіздің өтініш толтырылғаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға расталу жіберіледі. Сізге тіркеу жарнасын төлеу ұсынылады.
5 000 теңге – Қазақстан азаматтары үшін тіркеу жарнасы.

Жарна онлайн кредит картасымен төлене алады. Қолма қол ақша қабылданбайды. Сіз өтінішіңізді қайтарып алғыңыз келсе немесе сіздің өтінішіңіз қабылданбаса сіздің төлеміңіз кері қайтарылмайды. Төлем Сіздің өтінішіңізде көрсетілген қабылдау мерзіміне дейін жасалуы керек.

Шетел азаматтары тіркеу жарнасынан босатылады.

2 қадам. Өтінішті қарау

Сіздің өтінішіңізді, төлеміңізді және барлық қажетті құжаттарыңыз алынғаннан кейін Назарбаев Университетінің қабылдау комиссиясы Сіздің барлық құжаттарыңызды қарайды. Егер қосымша ақпарат қажет болып жатса, Сізбен электрондық пошта арқылы хабарласады. Егер бағдарламаға қатысуға құқыңыз жоқ болып жатса, Сізге хабарланады. Өтініштің барлық критерилерге сай болуы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қабылдау комиссиясының мүшелері арқылы мұқият тексеріледі және бағаланады. Табысты кандидаттар сұхбатқа шақырылады.

Қабылдау комиссиясы және Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессор – оқытушы құрамынан және әкімшілік персоналынан, сондай-ақ стратегиялық серіктестің бір өкілінен тұрады.

3 қадам. Қабылдау комиссиясымен сұхбат

Қабылдау комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу Астана қ. университет қалашығында өтеді. Кандидат екі нұсқаның біреуін таңдай алады: не ол өзі келеді, не әңгімелесу қашықтан болады (әдетте Skype арқылы). Сұхбат 15 -30 мин аралығында болады. Сізге Cіздің ұмтылыстарыңыз туралы және бағдарламаның Cіздің мансабыңызғf қаншалықты сай екені жөнінде сұрақтар қойылады.
Біз Cізге бұл сұхбатқа әңгімелесуге дайындалғандай дайындалуға кеңес береміз. Сұхбат басталмастан бұрын өтініш білдірушіге кандидатқа оқу, зерттеу және шешім қабылдау үшін 30 минут уақытқа кейс стади беріледі. Бұл тақырыптық зерттеу мемлекеттік саясаттың өзіндік проблемасы болып табылады. Мұндай әдіс қабылдау комиссиясына өтініш білдірушінің әлеуеті мен мүмкіндігін, оның проблемаларды талдау және оларды шеше білуін бағалауға жағдай жасайды.

4 қадам. Қабылдау туралы шешім

Барлық сұхбат өткізілгеннен кейін Қабылдау комиссиясы ең дарынды кандидаттарды бағдарламаға қосылуға шақырады. Әрбір өтініш білдіруші нәтижені электрондық поштадан біледі.
Табысты өтініш білдірушілер өзінің ұсынысты қабылдағандығын растауы керек.

ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ МЕРЗІМДЕРІ

2025-2026 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен), шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:

  • Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 17 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 25 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:

  • Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 30 сәуіріне дейін.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 31 шілдесіне дейін.

Бағдарлау аптасының басталу мерзімі: тамыз 2025

Оқудың басталуы: тамыз 2025

 

ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕК

Жыл сайын ЖМСМ 20-ға жуық мемлекеттік білім беру гранттарын (стипендияларды) қамтамасыз етеді, олар:

  • оқу төлемін,
  • басқа қалалардан келушілерге кампус аумағында ақысыз тұруды,
  • ай сайынғы стипендияны,
  • көлік шығыстарын және т.б. өтейді.

Мемлекеттік стипендия

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес Назарбаев Университетінің магистранттары үшін ай сайынғы стипендия 100 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік стипендияға семестр қорытындысы бойынша орташа үлгерімі «өте жақсы» (А және A-) және «жақсы» (B +, B, B-) үлгерімі бар студенттер үміткер бола алады.

Медициналық қорытынды (дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттердің академиялық демалыста болған кезеңіне мемлекеттік стипендия төленбейді.

Медициналық қорытынды негізінде академиялық демалыстағы студенттерге академиялық демалыс кезеңіне мемлекеттік стипендия көлемінің 50 (елу) пайызы (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайыз көлемінде тиісінше мемлекеттік стипендия тағайындалады.

Жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған кезеңіне студенттерге мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шыққанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.

Көліктік өтемақылар

«Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысына сәйкес жол жүру өтемақысы студенттерге жылына екi рет, қысқы және жазғы каникул кезеңiнде 4 еселенген АЕК мөлшерiнде төленеді.

stat2

Жалпы ақпарат

Сқрақтар бойынша Қабылдау департаментіне хабарласыңыз

gspp_admissions@nu.edu.kz
+7 7172 706662