NU GSPP түлегі Жүсіп Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды
NU GSPP түлегі Жүсіп Жұмағұловты Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!
Жүсіп – 2020 жылғы мемлекеттік басқару магистрі (MPA) бағдарламасының түлегі және мемлекеттік қызметте тамаша тәжірибесі бар. Оның бұрынғы қызметтерінде Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы, Астана қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығында, Қоғамдық даму департаментінде және әкім аппаратында басшылық қызметтерді атқарған.
Жуырда Астананың “Сарыарқа” және “Нұра” аудандарының әкімі қызметін атқарды. Жаңа қызметінде ол ішкі саясат, мәдениет, білім, дін және жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударады.
Біз түлектеріміздің Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып жатқанын мақтан тұтамыз. Жүсіпке жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!