NU GSPP Internation тағылымдама бағдарламасының алғаш қатысушылары қорытынды жобаларын қорғады

2022 жылдың 24 маусымында НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің NU GSPP Internship бағдарламасының алғашқы қатысушылары ағымдағы жылдың 23 мамыры мен 24 маусымы аралығында өткен тағылымдама нәтижелері бойынша қорытынды жобаларын ұсынды. Он бір студент сегіз мемлекеттік, квазимемлекеттік және халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтті. Студенттер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандық таңдауда бағдарламаның жоспарларына қалай әсер еткені туралы әңгімеледі.

Тағылымдама студенттерге қоғамдық, үкіметтік емес және көпжақты ұйымдардағы күнделікті қызметте практикалық тәжірибе алу мүмкіндігін беруге, сондай-ақ ұйымдағы қалыптасқан саясат. мәдениет және процестер оның контекстіне, институттарына байланысты қалай анықталатынын түсінуге бағытталған. Студенттер сонымен қатар өз мансабын арттыруға пайдалы болатын білім мен дағдыларға ие болды.

NU GSPP тағылымдама бағдарламасы туралы көбірек біліңіз.