NU GSPP-де «Өзгермелі әлемде мемлекеттік саясат және тиімді басқару» конференциясы өтті
2022 жылы 7 маусымда Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде (NU GSPP) «Өзгермелі әлемде мемлекеттік саясат және тиімді басқару» атты жыл сайынғы 6-ші халықаралық конференциясы өтті.
Конференция NU GSPP қауымдастырылған профессоры және зерттеу жөніндегі вице-деканы Риккардо Пелиццоның басқаруымен Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің, Астана қаласының мемлекеттік қызмет хабының және SDSN Қазақстанның серіктестігімен ұйымдастырылды. Конференцияға АҚШ, Австралия, Әзірбайжан, Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Сингапур және Үндістан елдерінен келген зерттеушілер, ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер және студенттер онлайн және оффлайн аралас форматта қатысты.
Қатысушыларды құттықтап NU GSPP деканы Вэнг Тат Хуэй Мектеп өзінің 10-жылдығында мемлекеттік саясат магистрі, мемлекеттік басқару магистрі және мемлекеттік саясат саласындағы PhD бағдарламалары бойынша биыл 100 түлек шығарып отырғанын атап өтті. Декан тиімді басқарудың артықшылықтарын халықаралық академиялық және саяси қауымдастық бұрыннан мойындағанын атап өтті. Ол: «Саяси тұрақтылықты басымдылыққа алған, тиімдірек қарым-қатынас жасап, есеп беріп, реттеп, заң үстемдігін сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, азаматтық қоғам топтарының белсенді қатысуын қамтамасыз ететін елдерде азаматтардың өмір сүру сапасы жоғарырақ болады», – деді.
Конференция аясында халыққа бағытталған басқару, ОАР-дағы саяси тұрақсыздық, саяси инновация, экологиялық тұрақтылық, басқару және реформалар, сондай-ақ саяси қатысу және наразылық білдіру әдістері мәселелері бойынша 6 панельдік сессия өтті. Бірқатар баяндамалар саяси тұрақсыздықтың себептеріне және аймақтық және жергілікті деңгейде тиімді басқару мәселелеріне арналды. Өзге презентациялар өсіп келе жатқан тұрақсыздықтың саяси салдарын қарастырды. Стэнфорд университетінің аға ғылыми қызметкері және Journal of Democracy журналының негізін қалаушысы мен редакторы доктор Ларри Даймонд конференцияға қатысып, жаһандық демократиялық құлдырау және демократиялық трансформация тақырыбына арналған баяндамасын жасады.
NU GSPP конференциясы — мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқарудың түрлі салаларында қамтылған академиялық және саяси кәсібі қауымдастықтарға білім беру және коммуникациялық мүмкіндіктерді ұсынуды көздеген жыл сайын өтетін іс-шара. Аталған платформа ғалымдар, оның ішінде жас ғалымдар, практиктер және зерттеушілер үшін арналған.
Конференция бағдарламасын жүктеу мен фотосуреттерін көру.
NU GSPP конференциясының бейне жазбасын Мектептің YouTube арнасында көруге болады:
Конференция туралы оқыңыздар:
Kazakh 24 Info: Шанс сговора при наборе на госслужбу будет исключен – Администрация президента
Kazakh 24 Info: Профессор Назарбаев Университета Колин Нокс: Казахстан – страна с полуоткрытым правительством
Kazakh 24 Info: Алихан Байменов: Помощник по жалобам граждан в АП появился не от хорошей жизни
Astana Civil Service Hub: Countries’ perspectives toward a people-oriented governance were discussed in Nur-Sultan
Astana Times: Nazarbayev University Experts Discuss Evolution of Political Narratives in Aftermath of January Events