NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратура бағдарламаларына 2024-2025 оқу жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды
Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау:
- Шетел азаматтары үшін – 2024 жылғы 29 ақпан (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін);
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 2024 жылғы 29 сәуір (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) жалғасады.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі әрекеттерді орындауы керек:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу және Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.
Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толығырақ ақпаратты осында табуға болады.
3. Өтінімді беру және қайтарылмайтын тіркелу жарнасын төлеу үшін «Pay and submit application» батырмасын басу.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені (Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары үшін) құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде немесе өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде (егер бар болса) төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады.
Өтінімді жібергеннен кейін оған өзгерістерді енгізу мүмкін емес.
4. Жеке кабинеттегі нұсқаулыққа сәйкес IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну.
Маңызды:
Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және GRE/GMAT (керек болған жағдайда) сертификат нәтижелерін ұсыну үшін жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша үміткер сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық пен талаптар Жеке кабинетте қолжетімді.
Тест нәтижелері ұсыну мерзімдері «Қабылдау» – «Бағдарламалар түрлері» – «Магистратура» – «Маңызды күндер» nu.edu.kz сайтында бөлімінде жаңартылады.
Қосымша әрекеттер:
НУ сайтындағы жаңартулар мен өтінім беру нысанында енгізілген электрондық поштаңызды қадағалаңыз, ал өтініміңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Онлайн өтінімді беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда өтінім беру нысанының жоғарғы оң жағында көрсетілген электрондық поштаға жазуды сұраймыз. Хаттың тақырыбында міндетті түрде Жеке кабинетте берілген нөмірді (Applicant ID) және бағдарлама атауын көрсетіңіз.
Cізге сәттілік тілейміз!