Магистратура студенттеріне арналған Сингапурдағы мемлекеттік басқару және мелекеттік саясаттан екіапталық дәрістер курсы

333558

Жоғары мемлекеттік саясатмектебінің студенттері Сингапурден оралды. Екіапталық жеделдетілген курстастуденттер инновациялық жобалармен, «ақылды» саяси шешімдерді қабылдаудың үрдістері мен теориясымен танысты.

Бағдарлама Сингапур мен халықаралық мемлекеттік саясат саласындағы іскер мамандардың толық қамтылған дәрістерін тыңдауды және қаланың дамуының, жердің үстіндегі тасымал құралдарының басқару құрылымдарына баруды, Марина Барраж бөгетін көруді, сонымен бірге тұрғын үй құрылысын дамыту Кеңесіне баруды қамтыды.

Премьер министр канцеляриясының бұрынғы жетекшісі және тәуелсіз кеңесші Дэвид Ма мемлекеттік қызмет және оның тиімділігін бағалау жөнінде дәріс оқыды. Мұнда өзекті болып тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін енгізудегі Сингапур мемлекеттік қызметінің мысалы табылды.Сонымен бірге әрбір министрлік бюджеттің жоспарлануына және оның орындалуына жауап береді әрі қол жеткізілген істер жөнінде қысқаша жылдық есеп береді.

Қалалық даму және жер бетіндегі тасымал құралдарының органдарына оқу бағдарламасы негізінде бару студенттерге айшықты әсер берді. Аталмыш агенттіктер Сингапур өзінің болымсыз ресурстарын тиімді әрі даналықпен жұмсайтынын көрсетті. Сонымен бірге іске тұтастық тұрғыдан қарау, үлкен емес қала-мемлекетте жақсы нәтиже беретінін көрсетті. Мемлекеттік органдар бір бірімен тығыз қарым қатынас жасап, Сингапурды жұмыс және өмір сүру үшін экологиялық таза орын етуде өзара ролдерін бөліп алып, жалпы мақсат үшін қызмет етуде.

Басқа дәріс оқушылар ретінде, жаһандық қаржы дағдарысы және Сингапурдағы қаржылық басқару мәселелері жөніндегі декан орынбасары Дональд Лоуді (Ли Куан Ю мектебі), доктор Ли Хуей мемлекеттік қаржыны басқару туралы дәрістер жинағымен, доктор Зегер Ван дер Вол тиімділікті басқару мәселесімен, сонымен бірге «Саясатты қалыптастыру үрдісіндегі технологиялар мен инновациялар ролі: көшу, ықпал және сәтсіздіктер» тақырыбын айтқан доктор Гареш Хубчанданиді атауға болады.

Осы жолы «мемлекеттік басқару», «жария саясат» мамандықтарының магистратура студенттері мәселенің халықаралық жағын көрді. Ол маңызды мәселені бір бірімен талдауға және тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді. Жариялы саясаттың Жоғары мектебінің өте қатты қуанышпен айтатын нәрсесі ол біздің студенттердің жоғары білікті болуы, ойлау дағдысы, сыни ойлауы және Қазақстандағы мемлекеттік саясатты түсінуі болды. Ол елдегі саясатты бағалауға мүмкіндік берді.