ДР. М РАМЕШПЕН NU GSPP ВЕБИНАРЫ: “ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ: СИНГАПУР МЫСАЛЫ”

ШОЛУ

Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын реформалау әлем саясаткерлері үшін басты басымдыққа айналды. Қаржылық және өзге де орасан зор ресурстардың тартылғанына қарамастан, реформалар зор нәтиже көрсеткен жоқ. Бұл реформаларды жүзеге асырудың жаңа жолдарын іздеу қажеттігін көрсетеді.

Сессия барысында доктор М Рамеш жалпы үздіксіз медициналық көмекке (UHC) қол жеткізу үшін денсаулық сақтау жүйесінің мәселелерін шешуде жаңа тәсілдер қажеттілігін талқылайды. Спикер UHC үшін нақты кедергілерді анықтау және оларды саясат құралдары арқылы жою немесе ықпалын азайту мақсатында олардың негізгі себептерін анықтауға назар аударады. Саясаткерлердің реформаларды жүзеге асыру кезінде қандай негізгі жүйелік мәселелерге назар аударғаны жөн? Қандай қол жетімді саяси құралдар бар? Доктор М Рамеш Сингапурдағы денсаулық сақтау саясатының мысалында осы мәселелерді қарастырады.

СПИКЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Др. М Рамеш – Азиядағы әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі ЮНЕСКО-ның төрағасы, Гонконг білім институтындағы Азиялық және саяси зерттеулер департаментінің негізін қалаушысы, Гонконг Университетінің әлеуметтік саясат профессоры және Сидней Университетінің Басқару және халықаралық қатынастар бөлімінің төрағасы болып табылады. Сонымен қатар, ол Жаңа Англия Университеті және Веллингтондағы Виктория Университетінде оқытушы лауазымдарында қызмет атқарған.

Әлеуметтік саясатқа көңіл бөле отырып, Азиядағы мемлекеттік саясат және басқару саласында мамандандырылып, Рамеш көптеген кітаптардың авторы және редакторы болып табылады. Өзі бірлескен автор болған «Мемлекеттік саясатты зерделеу» атты кітабы ондаған тілдерге аударылып, бүкіл дүние жүзінде қолданылуда. Оның Азиядағы әлеуметтік саясат туралы кітаптары мен журналдардағы мақалалары осы саладағы зерттеулердің негізі болып келеді. Сондай-ақ, оның жұмыстары атақты халықаралық журналдарда жарияланған. Ол «Policy and Society» және «World Political Science Review»-дің бірлескен авторы және бірнеше танымал журналдардың редколлегия құрамына кіреді. Сонымен қатар, ол әйгілі халықаралық ұйымдарда консультант ретінде жұмыс атқарды.

ІС-ШАРАНЫҢ ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН ОРНЫ

  • ZOOM WEBINAR
  • 1 наурыз, 2022 ЖЫЛ
  • 1215 (Нұр-Сұлтан уақыты)

 

 

ВЕБИНАР ВИДЕОСЫ