Др. Колин Нокспен NU GSPP вебинары: «Қазақстандағы мемлекеттік сектордың реформалары: дамыған 30 елге апаратын жол»

2021 жылдың 26 ​​қазанында НУ GSPPP профессоры және деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, доктор Колин Нокс «Қазақстандағы мемлекеттік сектордағы реформалар: дамыған 30 елдің қатарына кіру жолы» тақырыбында әңгімеледі.

ШОЛУ

Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кірудің өршіл жоспарлары бар. Оған қол жеткізу үшін 2015 жылғы мамырда Президент Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары жарияланды. Реформаның мақсаты кәсіби мемлекеттік қызметті дамыту болып табылады. Бүгінгі мемлекеттік қызмет реформалар және аталған жоспарда көзделген реформалар 2050 жылға дейінгі мақсатқа жету траекториясын ұсына ала ма? Реформалар институционалдық, құрылымдық және құқықтық өзгерістерге бағытталған, дегенмен олардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қалай әсер ететініне қажетті назар аударылмаған. Спикер мемлекеттік қызмет реформалары мен олардың нәтижелері арасындағы өзара тәуелділікті атап көрсетіп, осы байланысты орнатудың бір жолы ретінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстан үшін өмір сүруді жақсарту негіздеріне бейімдеуді ұсынады.

 

СПИКЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Доктор Колин Нокс — Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры және деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары. Колин Нокс Біріккен Корольдіктегі «Расселл» университеттер тобындагы Белфаст қаласындағы Корольдық университетте мемлекеттік саясат саласында докторлық дәрежесін алды. Нокстың басты зерттеу салалары дамыған және дамушы елдердегі мемлекеттік секторды реформалау, жергілікті өзін-өзін басқару, мемлекеттік саясатты бағалау. Сонымен қатар ол өзара бөлінген қоғамдардағы саясатты зерттеумен шұғылданады. К. Нокс ғылыми жұмыспен шұғылданбастан бұрын Ұлыбританиядағы жергілікті өзін өзі басқару органдарында 8 жыл қызмет етті.

 

ІС-ШАРАНЫҢ ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН ОРНЫ

  • Zoom Webinar
  • 2 қараша, 2021
  • 18:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен)

ВЕБИНАР ВИДЕОСЫ