Декан Кишор Махбубани мен Президенті Шигео Катсу 2017 жылғы 30 мамырда екінші ұзақ мерзімді келісімге қол қойды.
2012 жылы ашылған сәттен бастап Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат мектебі Сингапур Ұлттық университеті жанындағы Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебімен стратегиялық әріптестікті орнатты. Сонымен бірге, біз Орталық Азиядағы ең үздік мемлекеттік саясат мектебі ретінде Жоғары мемлекеттік саясат мектебін құру бағытында жұмыс істедік. Ли Куан Ю мектебі Жоғары мемлекеттік саясат бағдарламаларын әзірлеуде көмек көрсетті, олар мемлекеттік саясат саласындағы Магистратураны, сондай-ақ PhD және мемлекеттік басқару саласындағы Магистратураны қамтиды.
ЖМСМ және ЛКЮ мектептері Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалау мен жаңарту саласындағы бірлескен зерттеулерге, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдарға мемлекеттік саясат және басқару саласындағы кең ауқымды мәселелер бойынша кеңес беруге қатысады.
Биылғы жылы біздің табысты ынтымақтастығымызды тану және жоғары бағалаудың белгісі ретінде халықаралық деңгейде мемлекеттік саясат саласында білім беру, ЛКЮ мен ЖМСМ мектептері арасында зерттеу әлеуеті мен ынтымақтастықты дамыту мақсатында институционалдық дамытуды одан әрі нығайту, академиялық ынтымақтастықты кеңейту үшін әріптестікті ұзарту туралы шешім қабылданды.