Дариға Назарбаева Министрлер кеңесінің құрметті төрағасы, Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің басқарушы кеңесінің төрағасы Гох Чок Тонгпен кездесті

333558

19-21 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Сингапурға барды.

Бұл сапар 1991 жылы Сингапур үкіметі бастамашылық еткен Ли Куан Ю атындағы Алмасу жөніндегі бағдарламаға (Lee Kuan Yew Exchange Fellowship) қатысу мақсатында сингапурлық тараптың шақыруымен өтті. Дариға Назарбаева бұл Бағдарламаның ашылған сәтінен бастап оның 63-ші қатысушысы, сондай-ақ Орталық Азиядан алғашқы қатысушы болды. Дариға Назарбаева өзінің Сингапурға сапары барысында Министрлер кеңесінің құрметті төрағасы, Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің басқарушы кеңесінің төрағасы Гох Чок Тонгпен кездесті.
Министрлер кеңесінің төрағасы Гох Чок Тонг Facebook-те былай деп жазды: «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрайымы Дариға Назарбаевамен кездесуге қуаныштымын. Мен онымен алғаш рет 2016 жылы Астанада болғанымда кездестім. Ол Орталық Азиядағы тәжірибе алмасу бағдарламасының алғашқы қатысушысы болды. Дариға Назарбаева біздің елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін алмасу бағдарламасына қатысты. Біз ынтымақтастық үшін әлеуетті мүмкіндіктерді талқыладық. Қазақстан біздің Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесіміз және жақсы досымыз болып табылады. Сингапурдың теңіз жібек жолы бойындағы стратегиялық орналасуы Қазақстанның экономикалық Жібек жолындағы позициясын толықтырады. Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі Назарбаев Университетіне оған ұқсас мектепті құруға көмектесті. Біздің байланыстарымыз берік».