Биыл MPP студенттері Сингапурда алмасу бағдарламасын бастайды

Келесі семестрден бастап MPP студенттері Меруерт Әділғазина, Мөлдір Әтенова және Лаура Майтанова Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде (LKYSPP) алмасу бағдарламасын бастайды.

Осы аптада олар LKYSPP бағдар апталығына қатысты. Іс-шара барысында алмасу студенттерін LKYSPP мектебінің деканы доктор Дэнни Куа қарсы алды.

NU GSPP мектебінің LKYSPP (Сингапур), KDI мемлекеттік саясат және басқару мектебімен (Оңтүстік Корея), және Жэньмин университетімен (ҚХР) өзара алмасу бағдарламалары бар. MPP 2-курс студенттері серіктес университетте бір семестр оқуын өткізе алады. Пандемияға байланысты өткен күзде оқыту онлайн режимінде өтті. Биыл қазақстандықтарды күндізгі оқу бөліміне Сингапурға және Оңтүстік Кореяға жіберу қайта жанданды.

 

Ұқсас мақалалар:

Темірлан Нұрмолдаев, MPP 2 курс студенті: «Студенттік алмасу бағдарламасына қатысу мені тек ұлттық шекаралармен оқшауланбай, бұрын байқамаған жаңа белестерді бағындыруға итермеледі»

Жібек Джазыкбаева, MPP 2 курс студенті: «Алмасу бағдарламасы арқасында шетелде мен үшін көптеген мүмкіндіктердің бар екенін түсіндім. Бұл тәжірибе ой-өрісімді біраз кеңейтті»

ЖМСМ студенттері Сингапурда, Қытайда және Кореяда алмасу бағдарламасы бойынша білім алуда