ЖМСМ студенттері Сингапурда, Қытайда және Кореяда алмасу бағдарламасы бойынша білім алуда

333558

2019 жылы ЖМСМ-нің 6 студенті студенттер алмасу бағдарламасына қатысты. Айым Дауылбекова мен Виктория Маликова KDI, Корея, Райхан Агумарова және Алуа Сарыбай, Ренмин университеті, Қытай, сонымен қатар Алмагүл Тапаева және Темірлан Ерғазиев Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі, Сингапур оқыды.

Алмагүл Тапаева Ли Куан Ю атындағы Сингапур Мемлекеттік саясат мектебінде оқудан алған әсерлерімен бөлісті: «Бәрі жақсы. Мен 4 курстан өтемін: қалалық су менеджменті; қалалық көлік саясатын дамыту; қаржы, сауда және Азиядағы инвестициялар; экономика және білім саласындағы саясат. Курстарды жоғары білікті оқытушылар жүргізді, олар лекцияларда теорияны практикамен ұштастыра біледі. Біздің алмасу бағдарламасы бойынша студенттер тобымыз өте ерекше, бізде Корея, Жапония, Канада, АҚШ, Германия, Италия, Қытай және Швейцария елдерінен студенттер бар.

MPP және MPA студенттерінің барлық тобында Мьянма, Үндістан, Таиланд және Вьетнам студенттері бар. Студенттер тізіміне 50 елдің өкілдері кіреді. ЖМСМ оқытушыларына және барлық әкімшілік қызметкерлеріне LKY SPP-де оқуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Осы алмасу бағдарламасының арқасында мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен кездесуге мүмкіндік алдым. Бұл менің болашақ мансабымның дамуына және жеке тұлға ретінде қалыптасуыма қосылған зор үлес деп білемін».