Бұл бағдарлама аймақтық және халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарда қызмет ету үшін мемлекеттік саясат саласында терең дайындық қажет ететін студенттерге арналған.
Бағдарлама мемлекеттік, қоғамдық институттар/ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылық лауазымдары үшін мансап жоспары бар мемлекеттік және жеке сектор мамандарына лайықты болып табылады.
Біз аймақтағы мемлекеттік және жеке секторларда ұйымдардың талаптарына сәйкес келетін арнайы оқу курстарын ұсынамыз. Жиі бұл бағдарламалар тапсырыскердің қысқа мерзімді қажеттіліктерінің және ЖМСМ профессорлары мамандығы негізінде әзірленеді.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің серіктесі Сингапурдағы Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі болып табылады. Студенттер мен профессорлар кәсіби дамуы үшін арналған алмасу бағдарламалары ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады.
Біздің профессорлар – әлемдік деңгейде мемлекеттік басқару және саясат сапасын жақсарту үшін магистранттарды озық ғылыми зерттеулер негізінде оқытатын Орталық Азия сарапшылары мен халықаралық ғалымдар.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің назарында Қазақстан ғана емес. Біз Орталық Азияның мемлекеттік секторын зерттеуге мүдделі шетелдік студенттерді тартудамыз.