18 маусымда сағат 18: 00-де Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры және ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары Риккардо Пелиццоның «Орталық Азиядағы тиімді мемлекеттік басқару және даму» тақырыбындағы вебинары өтті

2020 жылдың 18 маусымында Назарбаев Университетінің онжылдығы аясында Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры және зертттеулер жөніндегі вице-деканының «Орталық Азиядағы тиімді мемлекеттік басқару және даму» тақырыбындағы вебинары өтті.

Таныстырылымда Орталық Азиядағы тиімді мемлекеттік басқару мен дамудың арасындағы өзара байланыс қарастырылды. Осылайша, тиімді басқарудың бірнеше аспектілері бойынша ілгерілеудің өңірлердің экономикалық көрсеткіштеріне әсер етпегенін анықтауға болады. Орталық Азияда, сондай-ақ барлық посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерде саяси тұрақтылық пен зорлық-зомбылықтың болмауы өсу мен дамудың бірден-бір маңызды факторы болды. Өңірдің дамуын қамтамасыз еткен нәрсе алдағы жылдардағы қарқынды экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан тиімді мемлекеттік басқарудың барлық аспектілеріндегі ілгерілеу бұрынғыға қарағанда маңызды екені анық.