Қазақстанның мемлекеттік қызмет реформасы: ең дамыған 30 елдің қатарына кіру траекториясы?

333558

Доктор Салтанат Джаненова және профессор Колин Нокс 2017 жылғы 13-14 сәуірде Астана қаласында өткен Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының (AAPA) (http://aapa.asia /) конференциясы шеңберінде «Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалау: ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру траекториясы» тақырыбындағы үздік жұмысы үшін марапатқа ие болды.

Мақалада Қазақстандағы ағымдағы мемлекеттік қызметті реформалау және Ұлт жоспарында көзделген өзгерістер 2050 жылға дейін қойылған мақсат – ең дамыған 30 елдің қатарына кіру траекториясын жасауға ықпал ете ала ма деген мәселе қаралған. Бұл мақалада Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қалай ықпал ететіне жеткілікті назар аудармай, мемлекеттік қызметті реформалаудың институционалдық, құрылымдық және заңнамалық өзгерістерге бағытталатыны жайлы талқыланады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту есебінен Қазақстан азаматтарының күнделікті өмірін жақсартатын нәтижеге бағытталған жұмыс тәсілдері мен мемлекеттік қызмет реформасының арасында алшақтық бар. Мақалада мемлекеттік қызмет реформасы мен нәтижеге негізделген тәсілдің арасындағы өзара байланыс атап көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан үшін олардың өзара байланысын орнату тәсілі ретінде ЭЫДҰ-ның «жақсы өмір сүру бастамасы» тұжырымдамасы бейімделген.