ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯЛАР СТРАТЕГИЯСЫ

333558

НУ ЖМСМ шақырылған профессоры Баскаран Наир 2018 жылы Routledge баспасында жарияланған «Мемлекеттік саясат саласындағы маркетинг» кітабының  авторы. Ол  Назарбаев Университетінде, «Нұр-Сұлтан» қаласында және Алматы қаласының әкімдігінде «Тиімді  мемлекеттік коммуникациялар стратегиясы» тақырыбында лекция  оқыды.

Баскаран Наир өз сөзінде Сингапурдың табысы табиғи процестің нәтижесі емес екенін атап көрсетті. Бұл келісілген іс-қимылдардың және бірлескен күш-жігердің нәтижесі. Қоғамдық науқандар әрқашан осы күш-жігердің өзегі  болып табылады. Тіпті жақсы жоспарланған саясаттың өзін оны тиімді іске асыру үшін өзінің нысаналы  аудиториясы болуы тиіс. Ерікті ынтымақтастықты дамыту және қолдау бойынша  жоспарланған әрі дәйекті іс-қимыл және үкімет пен қоғам арасындағы өзара түсіністік табысқа ие болудың кілті болып табылады.

Әлеуметтік маркетинг – бұл әлеуметтік маңызы бар мінез-құлық нысандарының әртүрлі деңгейлеріндегі өзгерістерді ілгерілету үшін коммерциялық сектордан ауысқан тексерілген тұжырымдамалар мен әдістерді қолдану болып табылады. БҮГІНГІ ӘЛЕМ ол – Facebook, Twitter және Instagram.

Күрделі дүниелерді қалай ілгерілетуге болады? Мыналарды есте ұстау керек: өнімді немесе саясатты ілгерілету бойынша табысты ақпараттық науқанды қалай әзірлеу керек екендігі туралы дұрыс  жауаптар дұрыс сұрақтар қойылған кезде пайда болуы мүмкін. Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар! Сұрақтар қойған дұрыс, өйткені олар жауаптардың бірнеше нұсқаларын ұсынады.

Презентация

Баскаран Наир журналист болып жұмыс істеді, содан кейін 30 жылдан астам уақыт бойы әр түрлі салаларда акционерлермен байланыс, қоғамдық қатынастар және маркетингтік коммуникациялардың әр түрлі салаларында жұмыс істеді. Кәсіпкерлік саласында жұмыс істегенге дейін ол Сингапур үкіметінің әлеуметтік науқандар жобаларын басқарды. Ол ұлттық сыпайылық науқанына арналған Singa және жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі «Teamy» (1980) сияқты жаңалық болған, эмоционалды тұжырымдамалар, ұлттық символдар, сондай-ақ мерейтойлық іс-шараларға арналған «Stand Up for Singapore» (1984) ұлттық әндер енгізді. Сингапур үкіметінің баспасөзбен жұмыс жөніндегі департаментіне басшылық жасау шеңберінде  Сингапурда лаңкестердің қатысуымен ұшақты айдап әкету (Laju Hijacking) және Вьетнамдағы соғыс уақытында вьетнамдық босқын-қайықшылармен болған оқиғалар сияқты дағдарыстарды шешуге белсенді қатысты.