Tengrinews: Президенттің кадрлық резервіне дайындайтын орын
Назарбаев Университетінің Жоғары Мемлекеттік Саясат Мектебі өзін табысты көшбасшылардың альма-матері ретінде көрсетті. Оған Президенттің жастар кадрлық резервіне кірген NU GSPP түлектері дәлел. Бұл сұхбатта олар NU GSPP жоғары мектебінде оқу тәжірибесімен бөлісті. NU GSPP 2021 жылдың 9 желтоқсанында сағат 19:00-де өтетін виртуалды ашық есік күніне шақырады (мына жерде тіркеліңіз).
Әсия Кәрібай, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Бюросының Директорлар кеңесінің төрағасы, NU GSPP жоғары мектебін 2018 жылы бітірген:
«NU GSPP-де оқудың басты артықшылығы – желілік байланыс. Біз әлі күнге дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы әріптестерімізбен, сондай-ақ оқытушыларымызбен байланыста боламыз, олардан жиі кеңес аламыз. MPA қолданбалы бағдарлама болып табылады, оның ішінде тәжірибеге басты назар аударылады. Біз магистранттар мен профессорлардың өз тәжірибесінен нақты жағдайларды талдадық, нақты реформаларды қарастырдық. Бұл тәсіл әсіресе мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару саласында жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы».
Жүсіп Жұмағұлов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшының орынбасары, NU GSPP жоғары мектебін 2020 жылы тәмәмдаған:
«Мемлекеттік басқаруға келгенде, көп нәрсе әртүрлі жағдайларға байланысты. Оқиға дамуының әрқашан бірнеше сценарийлері бар және қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келетін жолды таңдауды үйрену өте маңызды. Жоғары мектеп оқытушылары бізді осы жағдайларға байсалды және объективті қарауға үйретті.
Бүгінгі таңда қоғамда жаңару талабы айқын қалыптасты, бұл ұлттың қалыптасуының табиғи процестерінің нәтижесі.NU GSPP осы процестердің бөлігі болып қана қоймай, оларға әсер ету мүмкіндігін береді. Бұл жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге ашық дарынды және шығармашыл жастардың шоғырланған орны».
Михаил Асафов, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің саяси-әскери бөлімі жобаның аға көмекшісі, MPA бағдарламасына2020 жылы түсті:
«NU GSPP ел игілігі үшін пайдалануға болатын нақты парадигманы ұсынады. Бұл парадигма көп жағдайда мемлекеттік басқарумен, сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілеген стратегияларды жүзеге асырумен байланысты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесін өзгерту арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге деген көзқарасты өзгертуді білдіреді. Бұл механизм жалпы мемлекеттік жүйенің, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағыттап, ынталандыруы, сондай-ақ олардың моральдық-этикалық дилеммаларында тірек болуы керек».
Мақала Tengrinews сайтында басылған.