Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесін реформалау
Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде алмасу бойынша профессоры доктор Фуа Кай Хон Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесін реформалау және қаржыландыру жөнінде ашық дәріс өткізді. Ол Сингапурдың тарыхынан негізгі фактілерді атап өтіп, елдегі бұл саланың дамуына түрткі болған салдарларды талдады. Доктор Фуа Кай Хон тыңдармандарға денсаулық сақтау саласындағы соңғы үдерістер туралы айтып берді. 1983 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан реформалардың арқасында Сингапур тепе- теңдікті сақтап, экстемалдық шешімдерден аулақ бола алды. Дәрісте қарастырылған кейбір ерекшеліктер – ауруханаларды корпорациялау және кластерлік басқару. Дәріске Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту және басқа мекемелердің өкілдері қатысты.