SDSN Қазақстан Германиядағы SDG NEXUS Network жобасымен зерттеу байланыстарын нығайтуда

SDSN Қазақстан қосарлас Төрағасы, д-р Серік Оразғалиев жақында Германияның Гиссен 0аласындағы Юстус Либиг Университетінің Халықаралық даму және қоршаған ортаны зерттеу орталығында (ZEU) орналасқан SDG Nexus Network желісіне зерттеу сапарын тәмамдады. Жазғы маусымда өткен бұл сапар JLU-дағы SDG Nexus желісі мен SDSN Kazakhstan арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі жаһандық серіктестіктің маңыздылығын көрсетті.

Аталған сапар 2024 жылдың қаңтарында Назарбаев Университеті мен Юстус Либиг Гиссен Университеті (JLU) арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асты. Меморандум ынтымақтастық мәселелеріне, әсіресе оқытушыларды алмасу және ғылыми-зерттеу байланыстарына баса назар аударады.

Д-р Оразғалиев іс-сапары кезінде әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты:

  • SDG Nexus Network семинарында баяндама өткізілді: 26 маусымда д-р Оразғалиев SDG Nexus Network зерттеу семинарында баяндама жасап, SDSN Қазақстан жұмысы аясында жүргізіліп жатқан ғылыми жобалар туралы айтып берді. Бұл баяндама Қазақстанның ғылыми-зерттеу ландшафты туралы құнды ақпарат берді және тұрақты дамуды ілгерілетудегі SDSN рөлін атап өтті.
  • Зерттеу ұсынысын дайындау: 30 маусымда SDG Nexus желісі 2025-2028 жылдарға арналған DAAD қаржыландыру жобасы бойынша, SDSN Қазақстан негізгі серіктес ретінде анықталған өз зерттеу жобасын ұсынды. Егер жоба нәтижесі сәтті болса, алдағы үш жыл ішінде бұл жоба ғылыми қызметкерлерді қаржыландыруды қамтамасыз етуді көздейді. Бұл өз кезегінде зерттеу мүмкіндіктері мен ынтымақтастықты айтарлықтай арттыраны сөзсіз.
  • БАҚ-пен байданысты нығайту: 4 шілдеде д-р Оразғалиев Булан бейбітшілік инновациялары институтына (Женева) сұхбат беріп, климаттың өзгеруі, энергетикаға көшу және SDSN жобалары сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы білімді таратуға және жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы хабардарлықты арттыруға көмектесті.

Жалпы, зерттеу сапары тәжірибе мен идеялардың жемісті алмасуына толы болды. JLU әріптестерімен жүргізілген талқылаулар болашақ ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеп, ұзақ мерзімді ғылыми серіктестіктердің негізін қалады. Осы сапардың нәтижесінде SDSN мен Халықаралық даму және экологиялық зерттеулер орталығы арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлары жасалуда. Осы сапар барысында басталған бірлескен жұмыс тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарына ықпал ететін маңызды зерттеу нәтижелеріне жетелейді деп күтілуде. Қол жетілген уағдаластықтар мен ұсынылған жобалар зерттеулерді интернационалдандырудағы және NU мен JLU арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.