«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ МЕКТЕБІНДЕГІ «ҮКІМЕТПЕН БАЙЛАНЫС» БАҒДАРЛАМАСЫНДА
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) «Самұрық-Қазына» қоры және елдегі «Қазпошта», «Қазақтелеком», «Қазатомпром», «KEGOC»сияқты ірі ұлттық компанияларға арналған екі күндік кәсіби дамыту бағдарламасын ұйымдастырды. Үкіметпен байланыс сарапшылары, оның ішінде басқарушы директорлар мен менеджерлер ЖМСМ-де лоббилеу, есеп беру мен бақылау, сондай-ақ мұнай өңдеу саласындағы саяси экономика жайлы толығырақ білді. Семинардың айтарлықтай бөлігі «Самұрық-Қазына» қорына ұқсас Сингапур қоры – TEMASEK-тегі мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеттесу құралдары мен тетіктеріне арналды.