Қоғамдық кеңестер: проблемалар және даму перспективалары
ПЖМСМ профессорлары мен докторанттары 2017 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды қаласында өткен «Қоғамдық кеңестер: проблемалары және даму перспективалары» конференциясына қатысты.
Конференцияны Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі комитет және «Мәдениетті дамыту институты» ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – Қазақстанда қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру. Конференцияға 70 шақты адам қатысты, оның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері; ұлттық және өңірлік қоғамдық кеңестер; БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері болды.
Профессор Колин Нокс және профессор Салтанат Джаненова «Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің әлеуеті» таныстырылымында сөз сөйледі.