NU GSPP-де PAE 2022 Конференциясы өтті

2022 жылдың 2 сәуірінде Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік саясатты талдау бойынша жаттығу (PAE, Policy Analysis Exercise) 2022 жұмыстарын қорғау конференциясы өтті.

Мемлекеттік саясат бағдарламасының (MPP) 38 магистранты PAE бағдарламасы аясында әзірленген тақырыптар мен мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, негізгі қорытындыларын ұсынды.

Бір күндік конференцияда 13 жоба қорғалды. Бірқатар жобалар пандемияға қатысты мәселелерді көтерді, атап айтқанда – жолаушылар әуе тасымалы қызметіндегі өзгерістер, «Ashyq» сервисінің жұмысы, онлайн оқытуға көшу және т.б.

Қазіргі түлектердің сабағы COVID-19 пандемиясы кезінде басталды. Магистранттар 1-ші және 2-ші семестрді онлайн түрде оқып, оладың 3-ші семестрі Hy-Flex форматында өтті, ал 4-ші семестрде олар оқуын университетте жалғастырды.

MPP 2 курс студенті Уәлихан Бахретдинов «Пандемия кезіндегі шектеулер мен күйзелістерге қарамастан, Назарбаев Университеті мен NU GSPP оқу процесін жоғары деңгейде сақтады. Осы жерде Мектеп педагогикалық ұжымының біліктілігінің жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың Қазақстанда және шетелде мемлекеттік қызмет менеджерлерінің жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған өз қызметіне адалдығын атап өту маңызды,» – деді.

Жанна Қапенова конференцияға бір апта қалғанда дүниеге сәби әкелді. Бірақ бұл жағдай оның топпен бірге бір жылдан астам жұмыс істеген жобаны қорғауға қатысуына кедергі болмады. «Барлық сыныптастарымызға қолдау көрсеткендері үшін рахмет. Көбісі біз үшін қатты алаңдады», – деді ол.

Камила Шарыпханова, MPP 2 курс студенті: «Жобаны қорғау – есте қарарлық тәжірибе. Барлық студенттер бұл күнді асыға күтті! Ақырында бұл белестен де өттік. Біз профессорларға жұмыстарымызды жақсарту бойынша ұсыныстар мен құнды пікірлері үшін алғысымызды айтамыз», – деді.

NU GSPP магистратура бағдарламалары Мемлекеттік басқарудағы бағдарламаларды аккредиттеу бойынша Еуропалық қауымдастық (EAPAA) аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы жалғыз мектеп болып табылады.

Мектептің миссиясы – аймақтағы өмір сүру сапасын жақсарту үшін басқарушылар мен көшбасшыларды мемлекеттік саясатты дұрыс түсінуге және тиімді басқаруға тәрбиелеу.