Орталық Евразия зерттеу қоғамының бесінші Аймақтық конференциясына қатысу үшін Қазанға Жоғары мемлекеттік саясатмектебінің факультеті барды.

317461

Жоғары мемлекеттік саясатмектебінен доктор Салтанат Жаненова және доктор Азиз Бурханов Орталық Евразия зерттеу қоғамының бесінші Аймақтық конференциясына қатысты. Ол Қазан федералды университетінде (Ресей) 2016 жылдың 2-4 маусым аралығында өтті.

Доктор Салтанат Жаненова Виндзор Университетінің(Канада) докторы Елена Мальцевамен бірігіп Қазақстандағы зейнеткерлік реформа жөнінде мақаланы таныстырды. Аталған жұмыстың мақсаты 2013 жылғы зейнеткерлік реформаның тиімділігін бағалау болды. Сонымен бірге саяси және экономикалық институттары әлсіз дамыған кезде зейнеткерлік жүйелерді жекешелендіруде қазақстандық тәжірибе негізінде либералдық тәсілдерді қолданудан алған сабақтарды алу маңызды. Зерттеуде 1998 жылғы және 2013 жылдардағы екі реформа жұртшылықтың әртүрлі қабатындағы өкілдерімен болатын проблемаларды табысты шеше алмағаны және қартайған кезде адамдарға қауіпсіз, тиімді әрі әлеуметтік әділ жүйенің жасалмағаны көрсетілді.

Доктор Салтанат өзінің әріптестеріне Назарбаев Университеті білімнің Жоғары мектебіндегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі әйел-басшылардың тәжірибесін зерттеу үшін жұмыс жасап жүрген Алия Кужабекованы және Айнур Алмухамбетованы таныстырды. Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі әйел басшылардың тәжірибесі қарастырылады. Атап айтса басшы болған әйелдердің мәселелерді шешудегі басқаға ұқсамайтын ерекше үлесі; басшы болған кездегі кездесетін проблемалар, табысқа қол жеткізу үшін қолданатын стратегиясы және тәжірибені өзгертетін факторларды келтіруге болады. Қоғамдағы пікірлер көп жағдайда әйелдің жанұядағы орны, әйелдерден көрі ерлерге оң әсер етеді деген ойға жетелейді. Зерттеудің нәтижесінде Қазақстандағы мемлекеттік қызметте әйелдердің белсенділігін арттыру үшін арнайы ұсыныстар айтылды.

Д-р Азиз Бурханов бүгінгі Қазақстандағы БАҚ ислам зерттеулерін келтірді. Мақалада қазақ және орыс тілдерінде басылатын газеттерде және әртүрлі меншіктегі басылымдардағы исламды сипаттау барысындағы өзгерістер баяндалады.

Мемлекет қаржыландыратын басылымдарда діндегі істерге мемлекеттің қатысуымен болатын шараларға атап айтса Жоғарғы муфтидің ісі, ҚМДБ(Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы) құрылымынің ісі сияқтыларға назар аударады.Олар исламның саяси тұрғыдан дұрыс пайымдалуына немесе «құқығына» зейін қояды, ал маргиналды бөлік діндегі ағымдар мен мектептерді жоққа шығарады, олардың пікірінше аталмыш мәселе Таяу Шығыстағы ислам елдерінен волонтерлер мен белсенділер таратқан ағым деп танылады. Жеке газеттер әртүрлі пікір таратады және мемлекеттің діндегі ісіне және оның тиімділігіне күмәнмен қарайды.

Солтүстік Америкада құрылған Орталық Евразиядағы зерттеулер қоғамы Орталық Евразия проблемаларын зерттейтін халықаралық ұйым (CESS), болып табылады www.centraleurasia.org. CESS оқытудың және зерттеудің жоғары стандарттарын енгізуге тырысады, Орталық Азиядағы ғалымдардың байланыстарын кеңестер өткізу, жариялану арқылы нығайтуға және әлемдегі әртүрлі жерде болса да бір бірімен бірігіп қимылдауды жеңілдетуге күш салады. Конференция бағдарламасын мына сілтемеден алуға болады. www.centraleurasia.org