Түсуге қойылатын талаптар:

  1. тиісті пән бойынша негізгі жоғары білім (бакалавр немесе баламасы). Тіркеу кезеңінде соңғы оқу жылындағы студенттер қарау үшін ресми ағымдағы транскриптті ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қорытынды транскрипт пен дипломдарды ұсынуы тиіс;
  2. ағылшын тілін меңгерудің қажетті деңгейі: Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа); Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша мынадай жағдайлардың бірінде: ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқу және күнделікті өмір тілі болып табылатын елде алдыңғы академиялық дәрежені алса; ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқу қорытындыларына сәйкес бакалавр дәрежесін (немесе баламасы) және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі дәрежені алса. Ағылшын тілінде оқытылған пәндер санына қойылатын абсолютті ең төменгі талап ЖОО-ның ресми растауына сәйкес ағылшын тілінде дәреже алған үміткерлер үшін 100%-дан 70%-ды құрайды. егер үміткер «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының түлегі болса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
  3. GRE немесе GMAT тестілерінде (міндетті емес) көрсетілген мықты оқу, аналитика және математика дағдылары. Ресми GRE/GMAT балы міндетті талап болмаса да, өтінім беруші бәсекеге қабілетті GRE/GMAT балын ұсыну арқылы өз өтінімін жақсарта алады;
  4. тиісті салада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша 2 жылдан аз жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер де, егер үміткердің CGPA 4,0-ден кемінде 2,5 немесе оның баламасы болса, қарастырылуы мүмкін.

 

Онлайн өтінім беру үшін қажетті құжаттар пакетінің бақылау тізімі:

  1. Бағдарламаға толтырылған сауалнама нысаны;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұлттық жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың (егер қолданылса) сканерленген көшірмесі;
  3. шетелдік өтінім берушілер үшін төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
  4. түйіндеме;
  5. транскрипттері бар жоғары білім туралы дипломдардың сканерленген көшірмелері;
  6. IELTS (IELTS Online тестін қоспағанда) немесе TOEFL IBT («Home edition»-ды қоспағанда) академиялық тестілерінің нәтижелері;
  7. жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі;
  8. екі ұсыным хат (рецензенттер Университет жүйесі арқылы немесе сканерленген көшірме түрінде ұсынуы тиіс);
  9. құжаттарды онлайн тапсыру күні жарамды GMAT немесе GRE тест сертификатының ресми нұсқасы (бар болса);

 

Іріктеу процесі мерзімдері

2025-2026 академиялық жылға түсушілер үшін маңызды даталар.
Бұл бағдарлама толық ақылы негізде.

 

Өтінішті жүктеу және тапсыру:

Өтініштер жыл бойы қабылданады, сондықтан кез келген уақытта өтініш бере аласыз. 2025 жылғы көктемгі қабылдауға орын алу үшін өтінішіңізді 30 қаңтар, 2025 жыл, 23:59-ға дейін тапсыруды ұсынамыз.

Бағдарлама форматы:

Бұл оқу төлемі бар толық онлайн бағдарлама, икемді оқуға арналған. Студенттер білім алуын жұмыс кестесіне және жеке уақыттарына сәйкес бейімдей алады.