НУ ЖМСМ-де климаттың өзгеруімен күресу бойынша жастар конференциясы өтті
Конференцияда SDSN Youth Kazakhstan тренингі аясында Назарбаев Университетінің студенттерінен білім алған ауыл оқушылары баяндама жасады.
10-13 шілде аралығында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде(NU GSPP) ауыл мұғалімдері мен жастарының қатысуымен климаттың өзгеруі туралы конференциясы өтті. Жоба Дүниежүзілік банктің көмегімен RESILAND CA+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдеріне тұрақты дамуға ықпал ететін тәсілдермен климаттың өзгеруіне әрекет етуде қолдау көрсету. Бағдарлама экологиялық мәселелерді талқылау және қорытынды жобаларды ұсыну үшін Орталық Азияның түкпір-түкпірінен жас белсенділерді, экология саласының әуесқойларды, педагогтар мен сарапшыларды біріктіреді.
Бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асыру үшін Ақмола облысындағы Оразақ ауылы және Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылының мектептері таңдалды. SDSN Youth Kazakhstan тұрақты даму проблемаларының практикалық шешімдерін іздейтін халықаралық жастар желісінің өкілдері болып табылатын Назарбаев Университетінің студенттері климаттың өзгеруі туралы ғылым мен кәсіпкерлік білімге арналған тренерлердің бес айлық виртуалды оқуын аяқтады. Нәтижесінде студенттер 2023 жылдың мамыр айында Оразақ және Бестамақ ауылдарының жоғары сынып оқушыларына қазақ және орыс тілдерінде 2 күндік тренингтер өткізді. Аталмыш конференцияға өз аймағының экологиялық мәселелерін шешуде өз жобаларын жасауда белсенділік танытып, әлеуетін танытқан 6 білім алушы шақырылды.
Жобаларды бағалау, мәселелерді талқылау мақсатында конференцияға ҚР Білім министрлігінің өкілдері, ЮНИСЕФ және грант беруші – Дүниежүзілік банк өкілдері, Назарбаев Университетінің профессорлары, сондай-ақ негізгі серіктес – Орталық Азия университетінің өкілдері шақырылды. Жоба Орталық Азияның төрт елінде – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Толығырақ Baigenews сайтында.