NU GSPP ВИРТУАЛДЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ 2022 ЖЫЛЫ 1 сәуірде ӨТЕДІ

NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебі магистратура мен докторантура бағдарламаларына қызығушылық танытқан барлық үміткерлерді 1 сәуірде, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 19:30 өтетін Виртуалды ашық есік күніне шақырады!

Сессия барысында қатысушылар Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратура және докторантура бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, Синапур компоненті, студенттердің өзара алмасу бағдарламалары және Мектеп ұсынатын өзге де мүмкіндіктері жөнінде ақпарат ала алады.

Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.