NU GSPP магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін өтініштер қабылдауды бастады
Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат магистрі (MPP), мемлекеттік басқару магистрі (MPA) және мемлекеттік саясат докторы (PhD) бағдарламаларына түсетін үміткерлер үшін гранттар ұсынады.
NU GSPP магистрлік бағдарламалары бойынша 143,750 теңге және PhD бағдарламасы бойынша 172,500 теңге мөлшерінде студенттерге гранттық стипендия ұсынылады. Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) бағдарламасы аясында дәрістер жұмыс күндері кешке және сенбі күндері өткізіледі.
2012 жылы ашылған сәттен бастап NU GSPP Сингапур ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен стратегиялық серіктестік орнатқан. Біз бірлесіп NU GSPP мектебін Орталық Азиядағы ең үздік мемлекеттік саясат мектебі ретінде қалануын көздеп, жұмыс істейміз. Біздің магистранттар мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жеке бизнес өкілдерінің мамандары бола тұра, Сингапурде магистратура бағдарламасы шеңберінде 2-3 апта және докторантура бағдарламасы шеңберінде 3 айға дейін оқи алады. Сонымен қатар, MPP студенттері алмасу бағдарламалары аясында NU GSPP серіктес университеттердің бірінде – Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), KDI мемлекеттік саясат және менеджмент мектебі (Корея Республикасы), Жэньмин университетінде (ҚХР) толық бір семестр оқуға мүмкіндік алады.
NU GSPP магистрлік бағдарламаларын Еуропалық мемлекеттік басқару жөніндегі аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) аккредиттеді.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, бізге gspp_admissions@nu.edu.kz электрондық пошта арқылы хабарласыңыздар. Facebook, Instagram, Linkedin және Telegram әлеуметтік желілерімізге жазылып, хабардар болыңыздар!