Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде виртуалды ашық есік күні өтеді

NU GSPP-де жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу және зерттеу жүргізу мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыздар.

NU GSPP мектебінің құрылғанына он жыл болды. Біз Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдерінен келген 300 түлек үшін альма-матер болғанымызды мақтан тұтамыз. Қазір бізде 200-ге жуық ізденуші дәріс алуда.

Мектеп профессорлары АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур, Италия, Греция, Оңтүстік Корея, Пәкістан және Қазақстан елдерінен болады.

NU GSPP мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы магистратура бағдарламаларын, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласындағы докторантура бағдарламасын ұсынады. Біз сондай-ақ толық оқу ақысын өтейтін мемлекеттік білім беру гранттарын және академиялық үлгерімі жоғары болған жағдайда ай сайынғы стипендияны ұсынамыз. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

NU GSPP магистратура бағдарламаларын Еуропалық мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) 2019 жылы аккредиттеген.

NU GSPP 2012 жылы ашылған сәттен бастап Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету үш біз саясат пен көшбасшылықтың негізгі мәселелеріне баса назар аудара отырып, оқытудың, зерттеулер жүргізу мен басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың жоғары деңгейін ұсынамыз.

Осы құндылықтарымыз сізге жақын болса, 9 желтоқсан күні сағат 19:00-де өтетін виртуалды ашық есік күніне қосылыңыз.

Сілтеме арқылы тіркеліңіз.