Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистрлері NASPAA-Batten 2021 компьютерлік симуляторы негізіндегі халықаралық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары болды

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистрлері NASPAA-Batten 2021 компьютерлік симуляторы негізіндегі халықаралық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары болды

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистрлері Жанель Сембаева (төртінші орын) және Мади Ханафия (бесінші орын) NASPAA-Batten 2021 компьютерлік симуляторы негізінде дағдарысқа қарсы мемлекеттік шешімдерді қабылдау конкурсында өңірлік жеңімпаздар командаларының құрамында жеңіске жетті.


Виртуалды конкурс үстіміздегі жылдың 27 ақпанынан 6 наурызына дейін Мемлекеттік басқару саласындағы білім беру жөніндегі халықарылық қауымдастық (NASPAA) Вирджиниядағы Фрэнк Баттен университетінің модельдеу және көшбасшылық орталығымен (АҚШ) әріптестікте өткізілді. Іс-шараға әлемнің 30 еліндегі 120 университеттен 400-ден астам студент қатысты. Биылғы жылы студенттер қауіпті инфекциялық аурудың әсерін азайту мәселелерін бірлесіп шешуге тура келді.


NASPAA компьютерлік симуляторы негізіндегі конкурс алғаш рет 2015 жылы басталды. Симуляциялық оқытуды қолдану студенттерге олар атқаратын виртуалды позициялар тұрғысынан күрделі мәселелерді шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік береді. Модельдеу студенттердің кәсіби білімге деген шындыққа негізделген көзқарасын өзгертеді, онда олардың білімі мен дағдылары тексеріледі. Симуляция кезінде студенттер команданың жаңа мүшелерімен бірлескен жұмысқа, келіссөздер жүргізуге, қысқа мерзімдерде мақсаттарға қол жеткізуге, презентациялар мен есептер жасауға тартылады.


2 курс магистранты Мади Ханафия симуляцияға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, былай деп атап өтті: «Бұл ойын симуляциясында командалар инфекцияның таралуын болдырмауы және виртуалды әлемнің көптеген тұрғындарын саяси, экономикалық және әлеуметтік шараларды қолдану арқылы құтқаруы керек. Қазақстаннан, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінен 5 адам келді. Бізді бөлек командаларға бөлді. Менің тобымда 5 адам болды: екеуі Үндістаннан, біреуі Малайзиядан, біреуі Австралиядан және мен Қазақстаннанмын. Менің топтастарым Үндістан университетінің ұлттық заң мектебі мен Үндістандағы Азим Премджи университетінің, Бангладештің Солтүстік Оңтүстік университетінің және Оңтүстік Кореядағы KDI мемлекеттік саясат және басқару мектебінің атынан қатысты».


Ол сондай-ақ «командалардың мүшелері әр ойында өз рөлдерін, яғни еліктеу әлемінен елдің көшбасшылық позицияларын таңдады» деп қосты. Барлығы 5 рөл болды: Мемлекет басшысы – Премьер-Министр, Денсаулық сақтау министрі, Қаржы министрі, Байланыс министрі және ДДҰ өкілі». Үш ойын барысында Мади өзін премьер-министр, қаржы министрі және байланыс министрі рөлдерінде сынап көрді.


2 курс магистранты Жанель Сембаева Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне «Пандемия 2.0» NASPAA симуляциялық ойынына қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді: «Қызық болды деп айту – ештеңе айтпау. Бұл қызықты тәжірибе болды, оның барысында мен өзімді пандемияға қарсы күресте мемлекеттік саясаттың белсенді орындаушысы рөлінде көрдім. Біз әріптестерімізбен бірге республикалық бюджетке, қоғамдық пікірге және халықаралық қауымдастыққа шығын келтірместен, азаматтардың денсаулығына басымдық беру – бұл пандемия кезінде аман қалудың ең жақсы тәсілі деген келісімге келдік».

 

Жанель «команда үшін ең үлкен қиындық – вакцинация бағдарламасына қомақты қаржы жұмсап, республикалық бюджеттің оң теңгерімін сақтау болды» деп мойындады. Алайда, өзара сенім мен ортақ мақсатқа адалдықтың арқасында команда мыңдаған адамдардың өмірін сақтай отырып, халық денсаулығы мен ұлттық экономика арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізді. Жанельдің командасының стратегиясы барлық басқа командалармен салыстырғанда инфекция мен өлім-жітімнің ең төменгі деңгейіне, сондай-ақ денсаулық сақтау экономикасы мен азаматтардың сенімділігінің жоғары деңгейіне әкелді.
Назарбаев Университетінің ЖМСМ мектебінің студенттерінің NASPAA-Batten кокурсына қатысып, жүлделі орындарға ие болуы бірінші рет емес. Мектеп әкімшілігі студенттерді осындай тәжірибелік оқыту, әсіресе мемлекеттік саясат және басқару салаларындағы бағдарламаларға қатысуға шақырады.