МРА магистрлік жобаларының презентациясы

2016 жылғы 25 қарашада ЖМСМ МРА жобасының презентациясы өтті (МРА бірінші тобы). Бұл оқуды аяқтау жолындағы соңғы кезең. Әртүрлі тақырыпта, ой салатын алты презентация ұсынылды. – «Қазақстанда сыртқы қарыздарды басқару саясаты» (Әсел Тлегенова және Азиза Ешмағамбетова дайындады); – «Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландыру реформасының өтпелі кезеңі: Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудағы Эстониямен Ресейдің тәжірибесі» (Әлібек Оразов дайындады); – «Ислам еңбек этикасының жұмыс нәтижелеріне әсері – «Қазақстандық Инновациялық Коммерциялық банк» АҚ талдауы (Айдос Байғонақ дайындады); – «Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік бедел тұрғысынан толық емес от басылар үшін саяси салдары» (Айнұр Оканова дайындады); – «Қазақстанға Валюталық Одаққақосылукерекпе?» (Ильяс Жукенов дайындады); – «Көрсеткіштерді салыстырмалы талдау – салыстырмалы келешекте АХҚО мысалы» (Тілек Бекбасаров дайындады). Бұл презентациялар ЖМСМ барлық студенттері үшін ашық. Бағдарлама 13:00 басталып, түскі ас үзілісімен 17:15 – те аяқталды (швед үстелі).