«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ»
ҚР МҚІСҚ 2018 жылдың 24 қаңтарында «Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау саласындағы этика жөніндегі комиссарлардың жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді.
Профессор Салтанат Жәненова Қазақстанда этика жөніндегі уәкілдер институтын талдау нәтижелерін таныстырды. Бұл зерттеу БҰҰДБ және ҚР МҚІСҚ қолдауымен жүргізілді.
Этика жөніндегі уәкілдердің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берілді.
Семинардың қорытындысы бойынша Агенттік этика жөніндегі уәкілдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар әзірлейді, оларда зерттеулердің ұсынымдары ескерілетін болады.