Керемет жаңалық: Назарбаев Университетінде Мемлекеттік басқару саласындағы магистрі (Онлайн) бағдарламасы ашылды!
Енді Қазақстанның жетекші университетінен магистр дәрежесін алуға үйден шықпай-ақ мүмкіндік бар. Толығымен онлайн, икемді кестемен жасалған бұл бағдарлама оқу мен жұмысты және жеке істерді үйлестіруге мүмкіндік береді. Курстың толық ақпаратын Мемлекеттік басқару саласындағы магистрі (Онлайн) бағдарламасының парақшасынан табуға болады. Бұл бағдарлама толықтай ақылы.
Қабылдау мерзімдері жыл бойы ашық, бағдарламаға кез келген уақытта қосылуға болады. Алдағы 2025 жылғы көктемгі қабылдауға орын алу үшін, құжаттарыңызды 2025 жылдың 30 қаңтарына дейін, сағат 23:59-ға дейін тапсыруды ұсынамыз.
Конкурсқа қатысу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды) және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.
Осы процестерді аяқтағаннан кейін, үміткер өтінімге өзгерістер енгізе алмайды.
- IELTS (Online test басқа) / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
IELTS үшін код: NU
TOEFL (Home Edition-нан басқа) үшін код: 6762
Өтінім беру кезінде сұрақтар пайда болса, gspp_admissions@nu.edu.kzэлектрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.