Леонардо Морлиномен NU GSPP вебинары «Демократияға өту туралы біз не білеміз?»

ШОЛУ

Леонардо Морлино соңғы онжылдықтарда жүргізілген эмпирикалық зерттеулерге негізделіп, демократиялық ауысулардың сәтті және сәтсіз факторларын қарастырады. Ол демократияға көшу жолының бес түрлі көзқарасын, сонымен қатар, бұл жолдағы негізгі кедергілерін атап өтеді.

СПИКЕР ТУРАЛЫ

Леонардо Морлино – Римдегі LUISS университетінде саяси ғылымдардың құрметті профессоры. Ол ағылшын, француз, неміс, испан, венгр, қытай, моңғол және жапон тілдерінде жарияланған 45-тен астам кітаптың, 230-дан астам мақалалар мен тарауладың авторы, бірлескен авторы немесе редакторы болып табылады. Соңғы еңбектерінен келесі шығармаларды атап өткен жөн: “Теңдік, Бостандық және Демократия. Ұлы құлдыраудан кейінгі Еуропа” (Oxford UP, 2020), “Салыстыру. Әлеуметтік ғылымдарға арналған әдістемелік кіріспе” (Барбара Будрих, 2018), “Экономикалық дағдарыстың Оңтүстік Еуропа демократияларына әсері” (Пальграв, 2017), “Латын Америкадағы демократияның сапасы” (IDEA, 2016). Сонымен қатар, Леонардо Морлино Саясаттану анықтамалығының үш редакторының бірі болып табылады (3 том, Sage басылымдары, 2020).

ІС-ШАРАНЫҢ ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН ОРНЫ

  • Zoom Webinar
  • 5 сәуір, 2022
  • 17:45 (Нұр-Сұлтан уақытымен)

ВЕБИНАР ВИДЕОСЫ