Дамир Мусин: NU GSPP-дағы оқу, сөзсіз, менің кәсіби біліктілігімді арттырды

NU GSPP табысты көшбасшылардың альма-матері болғанын мақтан тұтады. Біздің түлегіміз Дамир Мусин 8638 өтінімі арасынан Президенттік жастар кадр резервіне кірген 50 кандидат қатарынан орнын тапты.

Дамир Назарбаев Университетінде 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыспен қатар оқу оқып, 2018 жылы Назарбаев Университеті бағдарламаларының дайындық жылы NUZYP бағдарламасын, ал 2020 жылы NU GSPP-дің Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) бағдарламасын тәмәмдады. Дамир өзі атап өткендей:

 

NU GSPP-дағы оқу, сөзсіз, менің кәсіби біліктілігімді арттырды. Алған білімім кадрлық резервке өтуде көмектесті. Сонымен қатар, оны күнделікті жұмысымда пайдаланамын. Мен бүкіл НУ ұжымына, білім берген оқытушыларға және өз жақындарым мен достарыма алғысымды білдіремін.

 

Біз түлегіміз Дамир Мусинді осы жетістігімен шын жүректен құттықтамыз, және алдағы белестерден сәтті өтуге тілектеспіз! 

Қазіргі уақытта NU GSPP магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін өтініштер қабылдауда. Оқуға түсу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.