Д-р Тоғжан Қасенова «Ядролық дала: Қазақстан ядролық қарудан қалай бас тартты» кітабын ұсынды
Өткен аптада NU GSPP-де Д-р Тоғжан Қасенованың қатысуымен вебинар өтті. Тоғжан Қасенова – Вашингтондағы SUNY-Olbany саясатты зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері және Карнеги халықаралық бейбітшілік қорының ядролық саясат бағдарламасының шақырылған қызметкері. Ол ядролық саясат, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, стратегиялық сауданы бақылауы, санкцияларды қолдану және қаржылық қылмыстарды алдын алу бойынша сарапшы болып табылады.
Вебинар барысында д-р Қасенова жақында жарық көрген “Ядролық дала: Қазақстан ядролық қарудан қалай бас тартты” кітабын ұсынды. Кітап Қазақстанның адамзат тарихындағы ең қуатты қарудан қалай бас тартқаны туралы. Кітапта Қазақстанның кеңестік кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі көпшілікке беймәлім ядролық тарихы таныстырылады.
Автордың пікірінше, “Кеңес әскері жергілікті халықтың әл-ауқатын ойлаған жоқ. Ядролық сынақтар радиацияның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне аса мән бермей жүргізілді. “Қырғи қабақ соғыстағы” қарулану жарысында Семей өңірі тұрғындарының құрбан болуы жанама ысырап болды”. Ол сондай-ақ “Қазақстанның ядролық қаруға қарсы қозғалысын елдегі қалыптасып жатқан ұлттық бірегейліктің маңызды бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ол көпұлтты Қазақстан халқының өз тағдыры үшін жауапкершілікті алуға ұмтылысын көрсетті,” – деп атап өтті.
Кітап NU GSPP қауымдастығымен жылы қабылданды. Мектеп постдокторанты Жәнібек Арынов “кітап, ең алдымен, адамдар тағдырларына арналған» десе, вебинарға қатысушылардың бірі “бұл кітап еліміздің тарихындағы маңызды кезеңді сипаттайды» деп атап өтті.
Вебинардың толық бейнесін осы жерден көруге болады: