Студенттік сараптама

Біздің студенттер қоғамдық немесе жеке ұйымдарда кездесетін нақты проблемаларды шешу бойынша дипломдық жобаларды жүзеге асыруға міндеттенеді.

Назарбаев Университетінің миссиясымен сәйкес, ЖМСМ-ның мақсаты әсерлі зерттеулерімен белгілі мемлекеттік саясаттың жетекші мектебі болу. Жыл сайын ЖМСМ шамамен 5 түрлі семинарлар ұсынады және қоғамдық және коммерциялық емес секторларда клиенттердің қатысуымен шамамен 10 түрлі дипломдық жобаларды аяқтайды.

Курстық студент-кеңесші тобы

Екі немесе үш түлектер тобы клиент ұйымы үшін консалтингтік командасы ретінде әрекет етеді. Шын мәнінде, дипломдық жоба дәстүрлі пайдаланатын теориялық диссертацияның нұсқасы болып табылады. Ол мүмкіндігінше Қазақстан және Орталық Азия проблемасын анықтау және құрылымдау, көріністің теориялық немесе эмпирикалық жағын талдау, сондай-ақ оны іске асыруда саяси ұсыныстар мен жүзеге асыру бағдарламаларын дамыту қамтиды.

ЖМСМ дипломдық жобаның 2 түрі бар: (і) Мемлекеттік саясатты талдау (РАЕ) «Мемлекеттік саясат магистрі» дәрежесін алу үшін талаптар шеңберінде өткізіледі, және (іі) Магистр жобасы «Мемлекеттік басқару магистрі» дәрежесін алу үшін талаптар бөлігінде жүзеге асырылады.

Профессорлардың қатысуы

Әрбір дипломдық жоба ЖМСМ профессоры және процесс барысында студенттерді тәлімгер мен басшылыққа алатын, дипломдық жобаның саласында мамандандырылған білімі немесе қызығушылығы бар профессормен келiсiм бойынша анықталады. Консультативтік комитет әрбір жоба үшін құрылады. Консультативтік комитеттің мүшелігіне қатысты, барлық комитеттер кем дегенде ЖМСМ профессорлық құрамының екі мүшесін және әріптес мекеме немесе НУ мектептердің бірінің, яғни танылған университетінің немесе салыстырмалы мекеменің бір мүшесін қамтиды.

Келісімді дамыту

Курстық студенттік-кеңесші тобытапсырыскермен келісімге келіп, проблеманы анықтап, жоба жоспарын, жұмыс көлемін, тапсырскерлер мен студенттер жауапкершілігімен нәтижелерін айқындайды.

Диссертациялық жұмыстың компоненттері

Студенттер, дипломдық жоба үшін мақсаттар мен басты құзіреттерді, талаптар туралы қосымша ақпарат алу үшін төмендегі тиісті сілтемелерге көшіңіз.
МРА Диплом жобасы: Магистрлік Жоба
МРР Дипломдық жоба: Мемлекеттік саясатты талдау (РАЕ)

Диссертация жұмыс жобасы

Әдетте жобалар мемлекеттік саясаттың немесе басқару мәселесіне талдау және зерттеу компонентін қамтиды. Зерттеу басында студенттік-кеңесші тобының тапсырыскерге ұсынған қорытынды өнімдері келісіледі, бірақ олар әдетте презентация және жазбаша өнімді қамтиды. Дипломдық жобалар үлгілері:

  • A
  • B
  • C

Дипломдық жобаға тапсырыскер болу

Жыл сайын Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі магистр дәрежесін алу үшін талап ретінде студенттердің жүргізген дипломдық жобалардың бір бөлігі ретінде мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарға тегін қызметтер ұсыну қағидасын ұстанады. Студенттер тапсырыскер үшін топтық жұмыс жасап, ұсыныстар мен шешімдер, тәуелсіз және терең зерттеулер және кәсіби сапалы талдау жүргізеді.
Студенттер 1-ші семестр соңына қарай мүдделері мен тақырыптарын шешеді деп күтілуде. Дегенмен, біз тапсырыскерлердің өтініштерін жыл бойы қабылдаймыз. Оқытушылар мен университет ресурстарымен ынтымақтаса отырып, студенттік-кеңесші топтары осы жобаны аяқтау үшін құралдар мен әдістерін әзірлейді. Нәтижелері, дұрысында, кәсіби есептерді, брифингтер, зерттеулер, материалдар мен зерттелетін мәселелерді шешу үшін дереу жүзеге асыратын мүмкін басқа да нақты құралдарды қамтиды. Сіз тапсырыскер болғыңыз келсе, жобаны сипаттап, осы нысанды толтыруды және байланыс ақпаратын қамтамасыз етуді сұраймыз.
Таңдаған кезде, тапсырыскер іс-қимылды, қажеттіліктер мен міндеттерді саласындағы Диссертациялық ұсынысты сипаттайтын студенті кеңесшісі тобымен келісімге қол қою керек. Тапсырыскер оқу жылының соңына қарай (жыл сайын мамырда) тиісті анықтамалық ақпарат немесе тиісті ресурстар мен ұйымның шешім қабылдауына кәсіби презентацияларды ұйымдастыру қамтамасыз ету арқылы студент-кеңесші тобына көмектеседі.

Дипломдық жобалар ұсыну бойынша кеңестер

  1. Саясат саласындағы нақты жұмыстарды қамтитын жобасын жасау.
  2. Түсінікті нәтижелерді анықтағыз және жобаны уақыт тұрғысынан басқара алатыныңызға көз жеткізіңіз.
  3. Студенттерге жобаны қалай түсіндіресіз және ол студенттерге қалайша қызықты болатыны туралы ойланып көріңіз. Жиі студенттер жобаның тақырыбынан емес, бірақ орындайтын жұмыс түрлерінен шабыт алады.
  4. Жиі байланысу. Ол студент ойлағанынан астам білдіруі мүмкін. Ол семестр ортасында бір кездесуді талап етеді, бірақ ол, әдетте, жеткіліксіз болып табылады.
  5. Жобаның студенттердің жұмысы аяқталғаннан кейін қалай жүзеге асатынын туралы ойланыңыз. Бірде-бір адам пайдасы жоқ жұмысты істегісі келмейді.
  6. Жоба көп уақыт алатынын және жобаға өз уақытыңызды бөлуді жоспарлаңыз.
  7. Жаңа идеялар мен әрекеттерге ашық болыңыз. Біз қазірдің өзінде жауап білсек, студенттерден көмек сұрамаушы едік. Студенттер басқа біреудің көзқарасын дәлелдеу үшін жиналмаған.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Әсел Мұсабаева
Назарбаев Университеті
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
Мекен-жай: Қабанбай батыр даңғылы, 53
Астана, 010000, Қазақстан Республикасы
Тел: +7(7172)709149
Эл.пошта: assel.mussabayeva@nu.edu.kz