«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МАГИСТРІ » (ОНЛАЙН)

«Мемлекеттік басқару магистрі» онлайн-бағдарламасы (онлайн MPA) мемлекеттік басқару саласында сапалы білім алуға және кәсіптік даярлықтан өтуге ниет білдірген жұмыс істейтін кәсіпқойларға арналған. Осы бағдарлама студенттерді мемлекеттік басқару (теория және практика), қолданбалы экономика және статистика, базалық бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламаларды бағалау және зерттеу әдістері саласында қажетті біліммен қамтамасыз етеді.

Академиялық дәрежеге әкелетін бағдарламаның стандартты ұзақтығы 20-24 айды құрайды. Микрокредиттерді жинақтау арқылы оқитын студенттерге 48 айға дейін оқуға рұқсат етілуі мүмкін.

Икемді сабақ кестесі және онлайн оқыту форматы студенттерге сабақтарды өз жұмыс кестелеріне сәйкес таңдауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаттары

  • Мемлекеттік сектордың лауазымды қызметкерлерді олардың еңбек практикасына негіз болатын академиялық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету;
  • Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқару деңгейін арттыру;
  • Экономиканы, қоғамды және мемлекеттік аппаратты жаңғырту жөніндегі Қазақстанның стратегиялық мақсатына қол жеткізуде мемлекеттік сектордың әлеуетін құру.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда түлектер келесілерді меңгереді:

  • Қоғам мүддесі үшін жетекшілік ету және басқару;
  • Саяси процеске қатысу және оған өз үлесін қосу;
  • Күрделі және динамикалық ортада талдау, жинақтау, сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді шешу және негізделген шешімдер қабылдау;
  • Мемлекеттік қызмет тұжырымдамасын қалыптастыру, қолдану және ілгерілету;
  • Әр түрлі және өзгермелі жұмыс күшімен және тұтастай алғанда қоғаммен өнімді және мәдени қарым-қатынас жасау және нәтижелі әрекеттесу;
  • Өз білімін, мысалы, эмпирикалық жаттығулар және қоғамдық, әкімшілік және саяси кәсіптер мен секторлардың кең ауқымындағы мамандармен өзара әрекеттесу арқылы қолдану.

Бағдарламаны бітіруге қойылатын талаптар

MPA онлайн-бағдарламасын сәтті аяқтау үшін студент таныстыру бағдарламасын, негізгі модульдерді (48 ECTS), факультативтік модульдерді (32 ECTS) және магистрлік жобаны (12 ECTS) орындауы керек.

«Мемлекеттік басқару магистрі» (MPA) дәрежесін алу үшін студенттер 4,0-ден кемінде 2,67-ден кем емес орташа баллмен (CGPA) 92 ECTS кредитті меңгеру керек.

Жиналған ECTS кредиттерінің санына байланысты студент MPA бағдарламасын аяқтап, жоғары білім туралы диплом, жоғары білім туралы сертификат немесе белгілі бір мамандықтар бойынша төсбелгі (бейдж) ала алады.

Бағдарламаның құрылымы мынадай негізгі компоненттерді қамтиды:

Таныстыру бағдарламасы:

MPA онлайн-бағдарламасы үміткерлерді мемлекеттік басқару, экономика, зерттеу әдістері және көшбасшылық саласындағы тиісті тұжырымдамалармен, магистрлік жобаға қойылатын талаптармен және олардың НУ-да оқуын қолдау үшін қол жетімді академиялық ресурстармен таныстыратын міндетті онлайн-оқытуды немесе кампуста күндізгі оқытуды қамтиды.

Таныстыру бағдарламасы Астанадағы Назарбаев Университетінің кампусына баруға, ОПҚ-мен, курстастарымен және түлектерімен жеке сөйлесуге, сондай-ақ практикалық оқытуға қатысуға баға жетпес мүмкіндік береді.

Негізгі курстар

Негізгі курстар – MPA онлайн-бағдарламасының барлық студенттері бағдарлама аясында өтуі тиіс курстар. Бұл курстар студенттердің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға және бағдарлама бойынша оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.

Негізгі құзыреттіліктерді игере отырып, студенттер өз білімдерін нақты практикалық жағдайларда және өзекті мәселелерде қолданады деп күтілуде. Факультативтік курстар арқылы олар белгілі бір саланы тереңірек зерттеп, таңдаған саласында арнайы дағдыларды дамыта алады.

Факультативтік курстар

Факультативтік курстар – MPA онлайн-бағдарламасының студенттері балама нұсқалардың ішінен таңдай алатын курстар. Факультативтік курстар тізімі өзгеруі мүмкін, себебі олар студенттердің қызығушылығына/қалауына және ОПҚ-ның қолжетімділігіне байланысты. 

Магистрлік жоба

Магистрлік жоба (MЖ) — бұл студенттер ұйымда жүргізілетін бағдарламаларды бағалауды, ұйымдастырушылық басқару мәселелерін немесе ұйымдастыру саясатын қамтуы мүмкін тұтынушыға бағытталған және ұйымның қажеттіліктеріне бағытталған зерттеуді дайындайтын негізгі жоба. Студенттер сонымен қатар курстың барлық нәтижелері жеткілікті түрде орындалған жағдайда, өздерінің жұмысқа орналастыру ұйымдары немесе басқа ұйымдар үшін жобаны орындауды таңдай алады. Студенттер жобалармен ЖМСМ ОПҚ мүшесінің басшылығымен жеке немесе топта жұмыс істейтін болады.

Магистрлік жоба студенттердің келесі қабілеттерін тиімді көрсетуі керек: 1) MPA онлайн-бағдарламасында ұсынылған идеяларды, тұжырымдамаларды және дағдыларды біріктіру; 2) таңдалған мәселені зерттеу үшін деректерге негізделген ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу; және 3) өзінің ғылыми-зерттеу жобасының нәтижелерін академиялық және кәсіби әріптестеріне тиімді жеткізу.

MPA онлайн-бағдарламасында қолданылатын оқытудың интерактивті әдістеріне мыналар жатады:

  • Таныстыру бағдарламасы кезіндегі сабақтар: дәрістер, зертханалық жұмыстар, топтық жұмыс, модельдеу, нақты өмірлік мысалдарды талдау, пікірталастар және студенттерді қызықтыру үшін сабақтарды өткізудің басқа түрлері жатады.
  • Апта сайынғы интерактивті сабақтар (дәрістер): әр апта сайын ЖМСМ профессорларымен және курстастарымен қарым-қатынас жасау үшін интерактивті сабақтар (бейнеконференцбайланыс платформасы арқылы) өткізіледі. Студенттердің оқу сапасын арттыру үшін біз келесідей ынтымақтастық құралдарымен онлайн-оқу ортасын ұсынамыз: шағын топтарда жұмыс істеуге арналған бөлмелер; тікелей чаттар, сауалнамалар және дауыс беру.
  • Асинхронды контент: алдын ала жазылған бейне дәрістер, оқулар мен тапсырмалар білім беру онлайн-платформасы арқылы 24/7 режимінде қол жетімді. Студенттер өз кестелері бойынша және өздеріне ыңғайлы жерде оқиды.
  • Көрнекті спикерлер мен зерттеу семинарлар сериясы: студенттер саясаткерлер, бизнес-кеңесшілер, үкіметтегі жоғары лауазымды шенеуніктер мен зерттеушілер алдында тұрған өзекті мәселелер бойынша дәрістер мен семинарларға қатысудың бірегей мүмкіндігі болады.

Өтінім беру мерзімі:

Өтініштер жыл бойы қабылданады, сондықтан кез келген уақытта өтініш бере аласыз. 2025 жылғы көктемгі қабылдауға орын алу үшін өтінішіңізді 30 қаңтар, 2025 жыл, 23:59-ға дейін тапсыруды ұсынамыз.

Оқу ақысы

  • Бағдарламаның толық құны15 000 АҚШ доллары (92 ECTS)
  • Модуль бағасы: 652 АҚШ доллары (4 ECTS)
  • 2024–2025 оқу жылына тіркелу жеңілдігі: 25%, жалпы құн ерте тіркелушілер үшін 11 250 АҚШ долларына дейін төмендетілген.
  • Арнайы жеңілдіктер:
    • Әлеуметтік осал топтарға 75% жеңілдік; жалпы құны — 3 750 АҚШ доллары.
    • НУ қызметкерлері мен Қазақстан және Орталық Азиядағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне 50% жеңілдік; жалпы құны — 7 500 АҚШ доллары.

Егер үміткер бірнеше санатқа жатса, ең төменгі оқу ақысы қолданылады.

Таныстыру бағдарламасы

 Негізгі ұғымдарды қарастыру:

  • Мемлекеттік басқару, көшбасшылық және коммуникация
  • Экономика және статистика
  • Зерттеу әдістемесі

Магистрлік жобаның талаптары мен негізгі кезеңдері

НУ ресурстарымен танысу

Курс

ECTS кредиттері

Жұмыс жүктемесі

Оқу сағаттарының саны

Өзіндік жұмыс сағаттарының саны

1-негізгі курс: Мемлекеттік басқару теориясы мен практикасы I

4

20

80

2-негізгі курс: Мемлекеттік басқару теориясы мен практикасы ІІ

4

20

80

3-негізгі курс: І Мемлекеттік сектор басшылары үшін экономиканың қолданылу аясы

4

20

80

4-негізгі курс: ІІ Мемлекеттік сектор басшылары үшін экономиканың қолданылу аясы

4

20

80

5-негізгі курс: І Мемлекеттік сектор басшыларына арналған зерттеу әдістері

4

20

80

6-негізгі курс: ІІ Мемлекеттік сектор басшыларына арналған зерттеу әдістері

4

20

80

7-негізгі курс: Бағдарламаны бағалау I

4

20

80

8-негізгі курс: Бағдарламаны бағалау IІ

4

20

80

9-негізгі курс: Фискалдық басқару және бюджеттеу I

4

20

80

10-негізгі курс: Фискалдық басқару және бюджеттеу IІ

4

20

80

11-негізгі курс: Кадр саясаты және басқару I

4

20

80

12-негізгі курс: Кадр саясаты және басқару IІ

4

20

80

Магистрлік жоба

12

30

270

Факультатив 1

4

20

80

Факультатив 2

4

20

80

Факультатив 3

4

20

80

Факультатив 4

4

20

80

Факультатив 5

4

20

80

Факультатив 6

4

20

80

Факультатив 7

4

20

80

Факультатив 8

4

20

80

БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ:

92

430

1870

 

Мемлекеттік басқару теориясы мен практикасы

Курс студенттерге түрлі контекстегі мемлекеттік басқару теориялары мен практикасы туралы түсінік береді. Тарихи, контекстуалдық және теориялық аспектілерді ұштастыра отырып, бұл курс студенттерге пәнге жан-жақты шолу жасайды және мемлекеттік басқару теориясының практикалық әсерлеріне назар аударады. Студенттер мемлекеттік әкімшілендіру мен басқарудың теориясы мен практикасын зерттейтін әдебиетті зерттеп, талқылайды. Сондай-ақ студенттер түрлі географиялық және саяси контекстерде мемлекеттік басқарудың практикалық мысалдарын қарастыратын бірнеше кейстерді зерделейді.

Мемлекеттік сектор басшылары үшін экономиканың қолданылу аясы

Бұл пән мемлекеттік сектор менеджерлеріне негізгі экономикалық принциптер және оларды мемлекеттік сектор қызметінде қолдану бойынша нұсқаулық болып табылады. Мемлекеттік саясат мәселелері экономикалық парадигма шеңберінде қаралады. Мақсаты – мемлекеттік сектор басшыларына шектеулі ресурстарды бөлу, баға белгілеу және мемлекеттік сектордың тауарлары мен қызметтерін ұсыну кезінде, сондай-ақ нормативтік актілерді әзірлеу кезінде неғұрлым тиімді шешімдер қабылдауға көмектесу.

Мемлекеттік сектор басшыларына арналған зерттеу әдістері

Бұл курстың мақсаты – студенттерге ғылыми зерттеу процесін тереңірек түсіну және ұйымдастыру ортасында эмпирикалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті құралдар беру. Студенттер ғылыми әдебиеттерді оқи және талдай білуі, анықтамалар немесе есептер жасай білуі, базалық сапалық және сандық талдау жүргізуі тиіс. Осы модуль аяқталғаннан кейін студенттер эмпирикалық зерттеудің құрылымы мен компоненттерін, ғылыми әдістің түйінді элементтерін, мемлекеттік басқару саласындағы зерттеу қоғамдастығы әзірлеген зерттеулердің әртүрлі түрлерін білетін болады. Курс студенттерді қорытынды магистрлік жобаны әзірлеу үшін тиісті құралдармен қаруландырады.

Фискалдық басқару және бюджеттеу

Бұл курс студенттерде мемлекеттік бюджеттеу және қаржыны басқару теориясы мен практикасын терең түсінуді қалыптастыруға арналған. Курста мемлекеттік бюджеттеудің және қаржылық менеджменттің түрлі аспектілері, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты, әлеуметтік теңдікті және экономикалық өсуді/дамуды қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлу және оларды мемлекеттік секторда басқарудың маңыздылығы қаралады. Онда бюджетті жасауға және мемлекеттік қаражатты басқаруға байланысты негізгі қатысушылар мен процестерді көрсете отырып, мемлекеттік бюджеттеудің «саяси контексті» сипатталады. Дәрістер, оқулар, семинарлар және интерактивті сабақтар барысында сіз мемлекеттік менеджерлер мен министрлердің бәсекелес мақсаттар мен есептілік пен сыртқы бақылауға қойылатын күрделі талаптарды теңдестіру үшін бюджеттік шеңберде қалай жұмыс істейтінін білесіз. Сіз сондай-ақ мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін, нәтижелілігін, әділдігін және әдептілігін қамтамасыз ету үшін олардың қолданатын фискалдық ережелері мен қағидаттарын, қадағалау органдарының рөлі мен тәсілдерін зерделейсіз. Қорытындылап айтқанда, бұл курс мемлекеттік сектордың қаржысын басқару мәселелері мен проблемаларына және осы саладағы қазіргі заманғы үрдістер мен әзірлемелерге арналған.

Кадр саясаты және басқару

Бұл курс ЖМСМ және басқа студенттерді мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардағы адами ресурстарын басқарумен (АРБ) таныстырады. Ол адами капиталдың проблемаларына және осы екі сектордағы бүгінгі көшбасшылардың, басшылар мен адами ресурстар жөніндегі мамандардың алдында тұрған міндеттерге баса назар аударады. Қарастырылған тақырыптарға басқалармен қатар, қызметкерлер қабылдау, іріктеу, ынталандыру, оқыту және ұстау, жұмысқа орналасудың тең мүмкіндіктері, сондай-ақ еңбек өнімділігі және мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардағы өз жұмысымен қанағаттанушылық жатады.

Бағдарламаны бағалау

Мемлекеттік ресурстар шектеулі және мұндай шектеулі мемлекеттік ресурстарды пайдалану туралы шешімдер мемлекеттік бағдарламалар мен саясаттардың қажетті нәтижелерге қол жеткізудегі тиімділік дәрежесін түсінуге негізделуі керек. Бағалау әдістерін білу мемлекеттік басқарушыларға: 1) ағымдағы бағдарламаларды жетілдіру үшін бағалау нәтижелерін пайдалануға; 2) бағалау жобасын әзірлеу үшін бағалау жөніндегі кеңесшілермен жұмыс істеуге; және 3) саясатты талқылау барысында әртүрлі ұйымдар келтірген бағалау зерттеулерін сынға алуға мүмкіндік береді. Бұл курс сізді бағалау ғылымы және өнерімен таныстырады. Сіз бағалау зерттеулерінде қолданылатын ақпаратты жинау, талдау, түсіндіру және беру әдістерін үйренесіз.

Шетелдік компоненті бар магистрлік жоба

Магистрлік жоба MPA бағдарламасы бойынша оқуды аяқтау үшін соңғы талап болып табылады. Ол мемлекеттік саясат немесе басқару бойынша жаттығулар түрінде өткізілуі мүмкін. Екі жағдайда да студенттерден MPA бағдарламасынан өту кезінде алынған тиісті білім мен дағдыларды, соның ішінде проблемаларды анықтау мен құрылымдауды, деректерді ұйымдастыруды, нақты ұсыныстар мен іс-шаралар спектрін ұсына отырып, сұрақтарды анықтау мен талдауды, сонымен қатар олардың қорытындыларын көпшілік алдында қорғауға мүмкіндік беретін жұмыс күтіледі. Магистрлік жоба студенттерге сабақтардан тыс, оларды қызықтыратын саяси мәселеге толығырақ көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Магистрлік жоба Қазақстан немесе Орталық Азия контекстінде мемлекеттік саясат мәселесін анықтауды, оны теориялық немесе эмпирикалық тұрғыдан талдауды, ал егер практикалық жаттығу ретінде жүзеге асырылса, саяси ұсыныстар мен іске асырудың нақты жоспарын әзірлеуді қамтиды.

ЖМСМ ҰСЫНАТЫН ФАКУЛЬТАТИВТІК МОДУЛЬДЕРДІҢ ИЛЛЮСТРАТИВТІ ТІЗІМІ

  • Қолданбалы мемлекеттік экономика және қаржы
  • Мінез-құлық түсініктері және мемлекеттік саясат
  • Пайда құнын талдау
  • Экологиялық экономика және саясат
  • Халықаралық қаржы саясаты
  • Ойын теориясы және мемлекеттік саясат
  • Салыстырмалы саясат және мемлекеттік саясат
  • Орталық Азиядағы және одан тысқары аймақтардағы қазіргі қауіпсіздік проблемалары
  • Сыртқы саясатты талдау
  • Жаһандану және мемлекеттік саясат
  • Ұлттық бірегейлік және қоғамдық саясат
  • Мемлекет құрылысының саяси экономикасы
  • Бірлескен басқару
  • Қоғамдық көшбасшылыққа арналған коммуникациялар
  • Дамуға жәрдемдесу және басқару
  • Басқарудағы этикалық қиындықтар
  • Тиімді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Үшінші сектор: азаматтық қоғам және коммерциялық емес ұйымдар
  • Тұрақты даму және қоршаған ортаны басқару
  • Энергетикалық жүйелер және климаттық саясат
  • Жаһандық энергетикалық саясат
  • Жаһандық азық-түлік және аграрлық саясатты талдау
  • Денсаулық сақтау жүйелері және саясаты
  • Табиғи ресурстарды басқару және саясат
  • Су ресурстарын басқару және саясат

Ұсынылатын модульдердің / курстардың, соның ішінде факультативтік курстардың толық тізімін Регистратор Офисінің сайтынан табуға болады.