Ауғанстан және геостратегиялық ландшафттың өзгеруі: Қазақстанға арналған бағдарлама
Назарбаев Университетінің ЖМСМ және Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтымен және Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесімен бірлесіп сыртқы мүдделі тараптардың Ауғанстан бойынша мәселелерді талқылау мақсатында, сондай-ақ Ауғанстанның Орталық Азияға әсерін бағалау үшін «Ауғанстан және геостратегиялық ландшафттың өзгеруі: Қазақстанға арналған бағдарлама» форумын ұйымдастырды. Сөз сөйлегендер Ауғанстанға қатысты ішкі проблемаларды, сондай-ақ сыртқы саясатты және елдің өңірлік жобалар мен ұйымдарға қатысуын талқылады.
ЖМСМ Деканы Вэнг Тат Хуэй қорытынды сөзінде «егемен мемлекеттердің әл-ауқатын жақсарту үшін өңірлік орнықтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды; сондай-ақ тарихи контексті түсіну де және көпұлтты ортаны есепке алу да, орнықтылықты қамтамасыз ететін және өңірде ынтымақтастықтың дамуына ықпалын тигізетін халықаралық жобаларды жүзеге асыру да маңызды. Қазақстан өңірде теңгерімнің сақталуы үшін шешуші рөл атқаратын, этникалық әралуандықты табысты басқаратын және инклюзивті өсу мен демократияландыруға ықпалын тигізетін елдің мысалы қызметін атқарады. Бұл үшін бізге жақсы дайындалған көшбасшылар керек, атап айтқанда,тап осы тұста біздің Мектебіміз өзінің маңызды рөлін атқарады.» деп атап көрсетті.