2017 жылы 17-19 тамыз аралығында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (НУ ЖМСМ) «Табиғи ресурстарға бай экономикаларды тиімді басқару және әртараптандыру» тақырыбына алғашқы халықаралық конференция өткізеді.

333558

Конференцияны ұйымдастырушылар Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Венг Тат Хуэй және ЖМСМ профессоры Колин Нокс конференцияға халықаралық ғылыми мамандардың, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен ғылыми қызметкерлердің тартылғанын атап көрсетті. Конференцияны өткізу Назарбаев Университетінде жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Конференцияның ашылуында Жаһандану зерттеу орталығының және Уорик Университетінің (Ұлыбритания) Жаһандануды және аймақтануды зерттеу орталығының профессоры Франклин Лиск сөз сөйледі.

Сондай-ақ профессор Колин Нокс: «Біз конференцияның үлкен қызығушылық туғызғанына қуаныштымыз және біз осы конференция екі жылда бір рет өтетін мектеп күнтізбесіндегі бірінші халықаралық іс-шара болады деп үміттенеміз»,- деп атап көрсетті. Конференцияның тақырыптары экономиканы әртараптандыруды, мемлекеттік басқаруды, табиғи ресурстардың саяси экономикасын, азаматтық қоғамды, халықаралық қатынастарды және білім беру саласындағы саясатты қамтиды. Іс-шараның маңызы өңірде жүргізіліп жатқан жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді көрсету ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақытта Орталық Азия өңірі бетпе-бет келіп отырған проблемалардың шешімдерін айқындау болып табылады.