NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің докторантура бағдарламасына 2024-2025 оқу жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік саясат саласындағы докторантура бағдарламасына түсу конкурсына қатысу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау басталды. Онлайн тіркелуге асығыңыздар!

NU GSPP докторантура бағдарламасына онлайн өтінімдері:

  • Шетел азаматтары үшін – 2024 жылғы 4 наурыз (Астана уақыты бойынша 13:00);
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 2024 жылғы 22 сәуір (Астана уақыты бойынша 13:00).

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі әрекеттерді орындауы керек:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу және Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.

Қабылдау талаптары туралы толығырақ ақпаратты осында табуға болады.

3. Қайтарылмайтын тіркелу жарнасын төлеу және өтінімді беру үшін «Pay and submit application» батырмасын басу.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды (Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары үшін. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде (егер бар болса) төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.

Өтінімді жібергеннен кейін оған және құжаттарға өзгерістерді енгізу мүмкін емес.

4. Жеке кабинеттегі нұсқаулыққа сәйкес IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну.

Маңызды:

Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және GRE/GMAT (керек болған жағдайда) сертификат нәтижелерін ұсыну үшін жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша үміткер сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық пен талаптар Жеке кабинетте қолжетімді.

Кейбір үміткерлер ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін беруден босатылуы мүмкін. Толығырақ “Қабылдау” – “Бағдарламалар түрлері” – “Докторантура” бетінде.

Қосымша әрекеттер:

НУ сайтындағы жаңартулар мен өтінім беру нысанында енгізілген электрондық поштаңызды қадағалаңыз, ал өтініміңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу, онлайн өтінімді беру, тест нәтижелерін ұсыну кезінде қиындықтар туындаған жағдайда phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштаға жазуды сұраймыз. Хатта міндетті түрде Жеке кабинетте берілген нөмірді (Applicant ID) және бағдарлама атауын көрсетіңіз.

Cізге сәттілік тілейміз!