Питер Хауи
Лауазымы: Қауымдастырылған профессор
Білімі: Пайдалы қазбалар экономикасы саласындағы Ph.D., Колорадо тау-кен мектебі (АҚШ)
Питер Хауи Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне қауымдастырылған профессор ретінде 2012 жылы қосылды. Ол Колорадо тау-кен ісі мектебінің пайдалы қазбалар экономикасы саласында Ғылым магистрі және PhD дәрежесін иеленеді. Оның ғылыми қызығушылықтары климаттық және энергетикалық саясат пен экономика; дамушы елдер мен экономикасы өтпелі әрі мұнайға тәуелді елдердегі даму мәселелері; мемлекеттік саясатты бағалауды қамтиды. Профессор экологиялық саясатқа қатысты бірқатар мақалалар жазды. NU GSPP-де доктор Хауи табыс пен шығындарды талдау, табиғи ресурстар саясаты және менеджменті және микроэкономика бойынша курстарды оқытады.
Доктор Хауи Назарбаев Университетіне келгенге дейін Канаданың Калгари қаласында орналасқан Маунт-Рояль университетінің Саяси зерттеулер мектебінде жұмыс істеді, онда ол бакалавриат бағдарламасы шеңберінде статистика және зерттеу әдістері, қоғамдық экономика, жобаларды бағалау, микроэкономика және макроэкономика бойынша курстардан сабақ берді.
Доктор Хауи академиялық мансабына кіріспес бұрын тау-кен өнеркәсібінде 9 жыл жұмыс істеді.