Graduate School of Public Policy
Graduate School of Public Policy
Graduate School of Public Policy
БАҒДАРЛАУ АПТАЛЫҒЫ 2026
Құрметті студенттер!

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне (NU GSPP) қабылдануларыңызбен құттықтаймыз!
NU GSPP оқытушы профессорлары мен қызметкерлері NU GSPP ұжымына сіздерді қарсы алуға өте қуанышты!

Бағдарлау шаралары сіздерге NU және NU GSPP туралы тиісті ақпарат беруге, университет пен мектептің миссиясы мен құндылықтарымен өзара әрекеттесуге, бағдарламалардың талаптары мен модульдерін зерделеуге және жаңа студенттерге бір-бірімен танысуға мүмкіндік беру үшін жасалды.

Берілген веб-парақшада сіздер бағдарлау шарасымен қатар, пайдалы контактілерді, оқу бағдарламасын, NU және NU GSPP саясатын, және т.б. қажетті ақпаратты тез таба аласыздар.

Жаңа студент болғандықтан, НУ электрондық поштаңызды уақыт сайын тексеріп отыруларыңызды сұраймыз.
Сіздермен кездесуді асыға күтеміз!

БАҒДАРЛАУ ПРОГРАММАСЫ 2026

МPP бағдарламасы
МРА бағдарламасы
PhD бағдарламасы

ҚАТЫСУ ЖӘНЕ САБАҚТАН ҚАЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бағдарлау апталығындағы қатысу
Құрметті студенттер, бағдарлау аптасының барлық іс-шараларына қатысу міндетті екенін назарларыңызға саламыз.

Егер дәлелді себепке байланысты бағдарлау аптасының қандай да бір сессиясына қатыса алмасаңыз, бұл туралы алдын ала Бағдарлама үйлестірушісіне электрондық пошта арқылы хабарлап, хаттың көшірмесіне Академиялық мәселелер жөніндегі вице-деканды және Бағдарлама менеджерін қосуыңыз қажет.


СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ

ОҚУ ЖОСПАРЫ

MРР оқу жоспары
MРА оқу жоспары
PhD оқу жоспары
DPM оқу жоспары

ПАЙДАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті, Назарбаев Университеті кітапханасы, Академиялық кеңес беру офисі, Студенттерді қабылдау офисі, Регистрар офисі, Бурсар офисі, Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы, Интернационалдандыру бөлімі, Студенттерді оқуға тартуды басқару департаменті, Атлетикалық орталық, Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті, Психологиялық қызмет, Кампус қауіпсіздігі қызметі, Маркетинг департаменті, және т.б. НУ департаменттерінің бірімен байланысқыларыңыз келген жағдайда, негізгі веб-парақшаға өтулеріңіз қажет.