Мемлекеттік басқару магистрі (
MPA) бағдарламасы – мемлекеттік басқару саласында сапалы білім және кәсіби дайындық алғысы келетін жұмыс істейтін мамандарға арналған. Осы бағдарлама студенттерді мемлекеттік басқару (теория және практика), қолданбалы экономика, стратегиялық басқару және көшбасшылық, сондай-ақ бағдарламаларды бағалау салаларындағы қажетті біліммен қамтамасыз етеді.
MPА бағдарламасының миссиясы – орта/жоғары буынның практик мамандарына алған білімдерін жұмыс тәжірибесінде одан әрі қолдану және Қазақстан мен Орталық Азияда басқару деңгейін арттыру үшін академиялық және кәсіптік білім беру болып табылады.
Бағдарлама студенттердің әртүрлі қажеттіліктерін ескеру мақсатында екі оқыту форматында ұсынылады:
- Күндізгі оқу формасы: бұл формат кампуста барлық сабақтарға қатысуды көздейтін дәстүрлі әрі қарқынды академиялық оқуды қалайтын студенттерге арналғын.
- Қашықтан оқу формасы (онлайн оқыту): онлайн оқыту оқу үрдісін жеке немесе кәсіби міндеттермен қатар алып жүруге мүмкіндік беретін икемділік ұсынады. Бұл формат тек ақылы негізде оқитын студенттер үшін қолжетімді.
MPA бағдарламасы бойынша сабақ кестесі оқуды жеке және / немесе кәсіби міндеттермен үйлестіруге мүмкіндік беретін кешкі / демалыс оқу форматын білдіреді.
MPА бағдарламасы бойынша мансаптық перспективаларды жақсарту үшін 4 бағыттың (экономикалық саясат, халықаралық саяси экономия, мемлекеттік басқару немесе тұрақты даму) біреуі бойынша мамандануды таңдауға болады.