Graduate School of Public Policy
Graduate School of Public Policy
Graduate School of Public Policy
Мемлекеттік саясат магистрі
«Мемлекеттік саясат магистрі» (MPP) – бұл 2013 жылы ашылған екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы. MPP бағдарламасының миссиясы ұлттық және халықаралық деңгейлерде тиімді, пәрменді және сенімді мемлекеттік қызметті қамтамасыз ету үшін саясат саласындағы прогрессивті мамандардың жаңа буынын дайындау болып табылады.
Мемлекеттік саясат магистрі
«Мемлекеттік саясат магистрі» (MPP) – бұл 2013 жылы ашылған екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы.

MPP бағдарламасының миссиясы ұлттық және халықаралық деңгейлерде тиімді, пәрменді және сенімді мемлекеттік қызметті қамтамасыз ету үшін саясат саласындағы прогрессивті мамандардың жаңа буынын дайындау болып табылады.

MPP бағдарламасы бойынша мансаптық перспективаларды жақсарту үшін 4 бағыттың (экономикалық саясат, халықаралық саяси экономия, мемлекеттік басқару немесе тұрақты даму) біреуі бойынша мамандануды таңдауға болады.
Негізгі оқу жоспары сандық дағдыларды алуға және талдау жүргізуге, экономиканы, саяси ғылымды, менеджментті және көшбасшылықты зерделеуге бағытталған. Студенттер бір факультативтің орнына тағылымдаманы таңдай алады. ECTS бойынша бағдарламадағы кредиттердің жалпы саны – 120.

* Модульдер тәртібін Мектеп өзгертуі мүмкін

МОДУЛЬДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ:

GSPP ҰСЫНАТЫН ФАКУЛЬТАТИВТІ МОДУЛЬДЕРДІҢ ИЛЛЮСТРАТИВТІ ТІЗІМІ

Экономикалық саясат
• Қолданбалы мемлекеттік экономика және қаржы
• Мінез-құлық түсініктері және мемлекеттік саясат
• Пайда құнын талдау
• Экологиялық экономика және саясат
• Халықаралық қаржы саясаты
• Ойын теориясы және мемлекеттік саясат

Халықаралық саяси экономика
• Салыстырмалы саясат және мемлекеттік саясат
• Орталық Азиядағы және одан тысқары аймақтардағы қазіргі қауіпсіздік проблемалары
• Сыртқы саясатты талдау
• Жаһандану және мемлекеттік саясат
• Ұлттық бірегейлік және қоғамдық саясат
• Мемлекет құрылысының саяси экономикасы

Қоғамдық басқару
• Бірлескен басқару
• Қоғамдық көшбасшылыққа арналған коммуникациялар
• Дамуға жәрдемдесу және басқару
• Басқарудағы этикалық қиындықтар
• Тиімді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
• Үшінші сектор: азаматтық қоғам және коммерциялық емес ұйымдар

Тұрақты даму
• Тұрақты даму және қоршаған ортаны басқару
• Энергетикалық жүйелер және климаттық саясат
• Жаһандық энергетикалық саясат
• Жаһандық азық-түлік және аграрлық саясатты талдау
• Денсаулық сақтау жүйелері және саясаты
• Табиғи ресурстарды басқару және саясат
• Су ресурстарын басқару және саясат

Ұсынылатын модульдердің / курстардың, соның ішінде элективті курстардың толық тізімін Регистратор Офисінің сайтынан табуға болады.
If you have any questions, don't hesitate to contact us: