Артан Карини
Лауазымы: Ассистент-профессор
Білімі: Даму саясаты және басқару саласындағы Ph.D., Манчестер университеті (Ұлыбритания)
Доктор Артан Карини салыстырмалы мемлекеттік басқару және реформалар, халықаралық HRM, жаһандық басқару институттары және дамуға көмектесу тиімділігіне маманданған. Оның ғылыми зерттеуші, аға кеңесші ретіндегі 20 жылдық тәжірибесі бар. Еуропада, Солтүстік Америкада, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада (MENA) және Парсы шығанағы араб мемлекеттерінде (GCC) жұмыс істеді.
Фулбрайт стипендиаты, Springer, Routledge және Palgrave Macmillan сияқты баспагерлер арқылы бірнеше беделді халықаралық журналдарда жарияланған. Ғылыми білімнен басқа, Канадада Королева университетінің HR жоғары біліктілігі бар.
Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне (NU GSPP) келгенге дейін ол Карлтон университетінің (Канада) Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтында адъюнкт-профессор, Каирдегі Америка университетінде (AUC) ассистент профессор және MPA директоры болып жұмыс істеді. Соңғы кездері Оман солтүстігіндегі жекеменшік университетте сабақ берді.
Доктор Карини қазіргі уақытта Human Resource Policy and Management (MPA 609) және Public Administration and Management (DPP 603) бойынша курстарды оқытады.