Доктор Дина Шарипова 2013 жылы Индиана университетінде (Блумингтон, АҚШ) саяси ғылымдар бойынша Ph.D. дәрежесін алды. NU GSPP-ге келгенге дейін ол 2016-2018 жылдары KIMEP университетінде Әлеуметтік ғылымдар колледжінің зерттеу жөніндегі директоры болып жұмыс істеді және 2016-2019 жылдары Еуропалық Орталық Азияны зерттеу қоғамының (ESCAS) басқарма мүшесі болды. Қазіргі уақытта Дина Шарипова Central Asian Survey ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі. Дина Шарипова Зерттеу дизайны және әдіснамасы, Жетілдірілген сапалық әдістер, Мемлекеттік саясаттағы этика және басқа да курстарды оқытады. Оның зерттеу мүдделері ұлт пен мемлекетті қалыптастыру, ресми және бейресми институттар, тұлғалық және әлеуметтік капитал, Орталық Азиядағы әл-ауқат және сәйкестік саясатына қатысты.