Доктор Хауи Минералдық экономика бойынша докторлық дәрежесін Колорадо тау-кен мектебінде (Colorado School of Mines) алды. Оның зерттеу салаларына климат және энергетикалық саясат пен экономика, мұнайға тәуелді дамушы және өтпелі экономикалардағы даму мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік саясатты бағалау жатады. Сонымен қатар, ол экологиялық саясат тақырыбында да зерттеулер жүргізген.
Доктор Хауи "Пайда-шығын талдауы" (Benefit Cost Analysis), "Табиғи ресурстар саясаты және басқару" (Natural Resource Policy and Management), "Микроэкономика" (Microeconomics) пәндерін оқыту арқылы NU GSPP-тің оқу бағдарламасына үлес қосады.
NU GSPP-ге қосылғанға дейін доктор Хауи Канададағы Калгари қаласында орналасқан Mount Royal University-дің Саясаттану мектебінде (School of Policy Studies) жұмыс істеді. Онда Статистика және зерттеу әдістері, Қоғамдық экономика, Жобаларды бағалау, Микроэкономика және Макроэкономика пәндерінен сабақ берді.