Graduate School of Public Policy
Graduate School of Public Policy
Graduate School of Public Policy

Тиімді шешімдер қабылдау үшін қажетті мінез-құлық инсайттары
Бұл курс мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында психология мен мінез-құлық ғылымдарын жергілікті және жаһандық тәжірибе негізінде біріктіреді.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, НУ
Бағдарлама туралы
Бұл курс мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында психология мен мінез-құлық ғылымдарын жергілікті және жаһандық тәжірибе негізінде біріктіреді.

Қатысушылар мінез-құлық экономикасын зерттеп, таңдау кезіндегі жалпы пайымдау үлгілері мен көзқарастарды анықтайды, сондай-ақ осы білімдерді саяси мәселелерді шешу үшін қолдануды үйренеді. Курс сонымен қатар қоғамдық мінез-құлықтың себептерін түсінудің маңыздылығын және осы білімдерді мемлекеттік саясаттың тиімді ұсыныстары мен хабарламаларын қалыптастыру үшін пайдалануды ерекше атап көрсетеді. Бұдан бөлек, курс қатысушыларды қоғамдық таңдауды еркіндікке шектеу қоймастан бағыттайтын «итерме» сияқты мінез-құлыққа негізделген араласуларды әзірлеу және іске асыру құралдарымен қаруландырады.

Сондай-ақ курс мемлекеттік сектор, жеке бизнес және азаматтық қоғамды қоса алғанда, әртүрлі секторлар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналып, мінез-құлық қағидаттарын денсаулық сақтау, білім беру және экологиялық тұрақтылық сияқты түрлі салаларда қолдануды қарастырады. Қатысушылар араласуларды нақты мәдени және институционалдық жағдайларға бейімдеуді үйреніп, олардың шешімдері инновациялық қана емес, сонымен қатар практикалық әрі өзекті болуын қамтамасыз етеді. Бұл тұтас көзқарас қатысушыларға мінез-құлық аспектілерін қоғамдық күрделі мәселелерді шешуде стратегиялық көшбасшы ретінде пайдалануға көмектеседі.
  • Оқыту күні мен ұзақтығы
    2025 (2 күн)
  • Оқыту форматы мен тілі
    оффлайн-оқыту ағылшын тілінде өткізіледі және орыс тіліне ілеспе аудармамен қамтамасыз етіледі.
  • Бағдарламаға қатысу құны
    қазіргі уақытта бекітілуде; бұл ақпарат қолжетімді болған сәтте хабардар болу үшін біздің парақшаға тіркеліңіз.
Тренингтен кейін сіз

  • Рационалды мінез-құлықты сипаттап, мінез-құлықтық жаңсақтықтар мен рационалдылықтан ауытқудың жалпы үлгілерін анықтай аласыз;
  • Статистика мен дәлелдер қалыптастырудағы жиі кездесетін «тұзақтарды» айқындай аласыз;
  • Қоғамдық бағдарламалардың тиімділігін мінез-құлықтық тұжырымдамалар арқылы бағалай аласыз.
Тренинг кімге арналған

  • Мемлекеттік саяси қызметкерлер және мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты тұлғалар;
  • Мемлекеттік қызмет көрсетуге және нормативтік талаптарды сақтауға жауапты мемлекеттік сектор басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер;
  • ҮЕҰ және құқық қорғау қызметімен, мінез-құлықты өзгерту бастамаларымен немесе қоғамдық бағдарламалармен айналысатын әлеуметтік ықпал ету көшбасшылары;
  • Корпоративтік сектордың басшылары мен менеджерлері, әсіресе тұтынушылардың мінез-құлқына, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке және тұрақты дамуға бағытталған секторларда қызмет ететін;
  • Шешім қабылдау процесі бойынша ұсыныстар беруге тырысатын мемлекеттік саясат, стратегиялық менеджмент немесе мінез-құлық ғылымдары бойынша кеңесшілер.
  • Доктор Омер Барыш
    Қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің (NU GSPP)
    Доктор Омер Барыш (Omer F. Baris) экономика бойынша докторлық дәрежесін (PhD) Джорджия штатының Мемлекеттік саясат мектебінің (Andrew Young School of Public Policy, Georgia State University) қоғамдық экономика (public economics) саласында алған.
    Ол АҚШ-тың Атланта қаласында орналасқан Джорджия штаты университеті мен Джорджия технологиялық институтының мемлекеттік саясат мектептерінде экономика және ойын теориясы пәндерінен дәріс оқыды.
    Оның оқыту және зерттеу салаларына микроэкономикалық теория, ойын теориясы және саудаласу (bargaining), жеке және қоғамдық таңдау, саяси экономика, экономика философиясы, мінез-құлық экономикасы және мінез-құлықтық мемлекеттік саясат жатады. Оның ғылыми мақалалары World Development, Theory and Decision, Managerial and Decision Economics, Cornell International Law Journal және Economic Papers сияқты жоғары рейтингті журналдарда жарияланған.
    Соңғы уақытта доктор Омер мінез-құлықтық қоғамдық таңдау (behavioral public choice), экологиялық реттеулерді тексеру және сақтау (compliance), сыбайлас жемқорлық және оған қарсы саясат, сондай-ақ Орталық Азиядағы тиімді басқару мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.
Егер қосымша сұрақтарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз.

Жанар Исмаилова, аға менеджер, біліктілікті арттыру бағдарламалары
Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебі

Tel.: + 7 (7172) 70 64 62
Email: execed.gspp@nu.edu.kz