Жаңалықтар

Graduate School of Public Policy Class of 2026

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (Graduate School of Public Policy) 2026 жылғы түлектердің жетістіктерін зор мақтанышпен атап өтті. Бұл күн 96 дарынды түлектің академиялық және кәсіби даму жолындағы маңызды белес болды.

🎓 «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша PhD докторантура бағдарламасының 6 түлегі
🎓 «Мемлекеттік басқару» магистрі бағдарламасының 43 түлегі
🎓 «Мемлекеттік саясат» магистрі бағдарламасының 47 түлегі

Біз үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі әрі Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Айбек Серікбайұлы Смадияровты Құрметті қонақ ретінде қарсы алу үлкен мәртебе болды. Оның қатысуы салтанатты рәсімнің маңызын арттырып, ерекше мән берді.

Барлық түлектерді осы айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта толағай табыс, кәсіби өсу және жаңа белестер тілейміз. Игерген білімдеріңіз, көшбасшылық қасиеттеріңіз бен сарапшылық әлеуетіңіз Қазақстанда және одан тыс жерлерде мемлекеттік саясаттың дамуына және оң өзгерістердің жүзеге асуына елеулі үлес қоса берсін! 👏🎓